СҚО ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

 СҚО ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Ағымдағы жылдың тамыздың 9 Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті және Қазақстанның стандарттау және сертификаттау институтымен бірлесіп техникалық реттеу және метрология саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарын нақтылау мақсатында Есіл ауданының Явленка селосының орталық аудандық ауруханада болып қайтты.

Аурухана 2014 жылдың желтоқман айынан бастап пайдалануға берілді. Бас дәрігер – Александр Иванович Барабаш көптеген жылдар бойы аурухананы басқарады. Бір ауысымда 250 жуық адамдар дәрігер қабылдауына жазылады. Аурухана жаңа заманауи диагностикалық УДЗ, ФГДС жабдықтарымен жабдықталған және физиокабинет, зертхана, рентген, маммография және т.б. бар. Аурухана 85 орынға арналған. Қабылдауды 32 жоғары білікті дәрігерлер жүргізеді, тағы 168 медицина қызметкері бар. Жабдықтар жыл сайын бекітілген кестеге сәйкес тексеріледі.

Кездесу қорытындысы бойынша бас маман – мемлекеттік бақылау жөніндегі СҚО бойынша мемлекеттік инспекторы Екатерина Паршина дәрігердің наұқасты дұрыс емдеуі және тез сауығып кетуі мақсатында анықтайтын көрсеткіштердің нәтижелеріне байланысты жабдықты тексеру жиілігін одан әрі сақтау туралы ұсынымдар берді.