ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫ БОЙЫНША ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРУ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫ БОЙЫНША ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРУ ӨТТІ

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және «Үлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ қызметкерлері 2018 жылдың 7 тамызында Шиелі кентінде орналасқан  «Компания Гежуба Шиели Цемент» ЖШС-де техникалық реттеу және метрология саласына қатысты қолданыстағы заңнамалар мен нормативтік құжаттар талаптарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кәсіпорынды аралаудың негізгі мақсаты техникалық реттеу және метрология саласында Қазақстан Республикасының заңнамалары және нормативтік құжаттарының талаптарын түсіндіру арқылы өнімді өндіру алдында проблемалық сұрақтарды анықтау болды.

Кәсіпорынды аралау кезінде департамент қызметкерлерімен техникалық реттеу саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ мемлекеттік стандарттау жұмыстарының бағыты, халықаралық менеджмент жүйесі, нормативтік техникалық құжаттардың Бірыңғай Фонды және өнімдер мен қызметтер бойынша сәйкестікті растау процестері, кәсіпорындағы өлшем құралдарына қатысты метрологиялық талаптар, өнімдерді каталогтау жүйесі туралы ақпараттар берілді.

«Компания Гежуба Шиели Цемент» ЖШС-мен Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде тампонажды цемент өндіретін зауыт құрылысын жүргізеді. Зауыт құрылысы Қазақстан Республикасының Индустриялық картасына енгізілген және негізгі инвесторы Қытай Халық Республикасы болып табылады. Қазіргі таңда зауыт құрылысының негізгі монтаждау жұмыстары және өндірістік қондырғыларды орналастыру жұмыстары аяқталуға жақын. Тампонажды цемент зауыты іске қосылғанда қуаттылығы күніне 2500 тонна цемент өнімін өндіріп, республиканың оңтүстік және батыс аймақтарында құрылыс материалы цементке деген сұранысты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындарға жаңадан жұмыс орындары ашылады. Зауыттың толық іске қосылуы 2018 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

Кәсіпорынды аралау барысында департамент қызметкерлері техникалық реттеу, метрология саласының нормативтік құжаттар талаптары бойынша түскен сұрақтарға толық жауаптар беріп, осы салаға қатысты бұдан әрі де  өзара қарым-қатынас және заңнамалар талаптары бойынша мәселелерге түсіндірмелер беру бағытында уағдаластық жасалды.