
2018 жылғы 7 тамызда Қазақстанның Индустрияландыру картасына, индустрияландырудың аймақтық картасына енгізілген кәсіпорындарға бару шеңберінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Жезқазған бөлімінің қызметкерлері «Ұлытау Флора» АӨК барып қайтты.
Осындай барулардың басты мақсаты «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары талаптарының сақталуы бойынша, сондай-ақ «Ішкі нарықта жеткізушілердің сапасы» Дүниежүзілік экономикалық форумының жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткішін жақсарту бойынша шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Жезқазғанда «Ұлытау Флора» АӨК көкөніс қоймасы бар жылыжай шаруашылығын құру бойынша инвестициялық жобаны іске асыруда. Бұл жоба моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде ҮИИД өңірлік үйлестіру кеңесі тарапынан қолдау тапты. «Ұлытау Флора» АӨК астық жинау, тасымалдау, сақтау және сату циклін қамтитын ауылшаруашылық өнімдерін өндірудің жоспарланған бағдарламасын орындауды көздеп отыр. Мұндай өндірістің одан әрі дамуы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік даму бағдарламасына сәйкес келетін жергілікті өнім бәсекелестігіне, жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ шағын және орта бизнестің дамуына ықпал ететін болады.
Бұдан басқа, қызметкерлер Гүлмира Назарбекова мен Бағдат Түбекова азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған, өлшемнің теріс салдарынан қорғау қажеттілігі туралы нормативтік құқықтық актілердің мақсаты мен міндеттерін түсіндірді. Сондай-ақ, проблемалық мәселелердің бар болуы туралы сауалнама өткізілді.
Кездесудің қорытындысы бойынша Департамент қызметкерлері техникалық реттеу және метрология жөніндегі нормативтік құжаттар бөлігіндегі сұрақтарға жауап берді.