«ҚАЗ-АҚБАС» ЖШС-ТЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ҚАЗ-АҚБАС» ЖШС-ТЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

2018 жылғы 8 тамызда ТРМК БҚО бойынша департаментінің және «ҚазСтИн» РМК БҚФ өкілдері техникалық реттеу және метрология заңнамаларын түсіндіру мақсатымен «Қаз-Ақбас» ЖШС-ке барып қайтты.

Кәсіпорын шұжық өнімдерін, тартылған ет, консервілер, жартылай дайын өнімдер және басқалар шығарады.

Кездесу барысында, КО «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Тағамдық өнімнің заттаңбалануына қатысты», «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттері түсіндірілді және Бірыңғай нормативтік-техникалық құжаттардың мемлекеттік қоры туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ, кәсіпорынға техникалық реттеу заңнамасына сәйкес отандық өнімді каталогтау жүйесінде тіркеу  ұсынылды.

Сонымен қатар, департамент басшысы Салават Вахитов өлшем құралдарын мерзімдік салыстырып тексеруге, сынау жабдықтарын аттестаттауға қатысты метрология саласындағы заңнама талаптарын түсіндірді.

Кездесу соңында компания қызметкерлері ұсынылған ақпарат үшін алғысын білдірді.