
2018 жылдың 8 тамызында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК өкілдерімен бірлесе отырып «Молочный завод «Солнечный» ЖШС барды.
Аталмыш іс-шараның мақсаты техникалық реттеу, метрология, сәйкестікті растау аясындағы аккредиттеу заңнамаларын түсіндіру.
«Молочный завод «Солнечный» ЖШС - 1998 жылы құрылды. Қазіргі уақытта сүт өнімдерінің 200-ден астам түрін өндіреді. Бүгінгі күннің талаптарына сәйкес кәсіпорын ұжымы жаңа технологияларды меңгерді, Ресейде, ТМД елдерінде, жақын және алыс шет елдерде біліктіліктерін арттырады. Ең жаңа жабдықтар ұзақ мерзімді сақтаудың сүт өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді, бұл сату нарығының географиясын едәуір кеңейтеді. Өнім ассортименті тауар белгілерінің келесі өнімдерін қамтиды: «Одари», «Мумунья», «Любимое».
«Молочный Завод Солнечный» ЖШС - шикізаттан дайын өнімді шығаруға дейінгі сапалы бақылау жүйесінің барлық кезеңдерін қадағалайды. Компания ISO 9001 - 2008 сериясына сәйкес сапа менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификатын алады. Компания ISO 22000: 2005 (ХАССП) Халықаралық стандартының талаптарына сәйкес азық-түлік қауіпсіздігін басқару жүйесін әзірледі және енгізді.
Кездесу соңында, Техникалық реттеу және метрология комитеті Департаменті және ведомстваға бағынысты ұйымдардың өкілдерімен ҚР заңнама талаптары кәсіпорынның метрологиялық қамтамасыз ету, дайын өнімді заттаңбалау бөлігінде, өнімнің сәйкестігін растау, техникалық реттеу және метрология саласында мамандарды оқыту туралы түсіндірілді.