
Тамыздың 9 күні ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша Департаменті Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтымен және Петропавл қаласының Кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп аймақтың кәсіпкерлерімен өнімді Бірыңғай каталогқа енгізу мәселесіне қатысты семинар-кеңес өткізді.
Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының аумағында өнім шығаратын кәсіпорындар мен ұйымдардың 40-қа жуық өкілі қатысты.
Қазақстан Республикасы өнімдерінің каталогы Қазақстанда шығарылатын өнімге назар аударту және мемлекеттік органдарды, мүдделі заңды және жеке тұлғаларды өнімнің қолданыстағы және тұтынушылық сипаттамалары мен өндірушілері туралы сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында дайындалды.
ҚР ИДМ ТРМК СҚОД бас маманы Екатерина Паршина каталогтық парақтарды тіркеу тәртібі туралы толық түсіндірме ақпарат берді.
Семинар соңында Департамент кәсіпорындарға өз өнімдерін Бірыңғай каталогқа енгізуді ұсынды.