«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ-2018» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫ ТҮСІНДІРДІ

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ-2018» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫ ТҮСІНДІРДІ

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті және «ҚазСтИн» РМК АФ қызметкерлері 2018 жылдың 9 тамызында«Халық үшін ең жақсы тауарлар» номинациясы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпазы «Блэк» ЖШС-де техникалық реттеу және метрология саласына қатысты қолданыстағы заңнамалар мен нормативтік құжаттар талаптарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кәсіпорынды аралаудың негізгі мақсаты техникалық реттеу және метрология саласында Қазақстан Республикасының заңнамалары және нормативтік құжаттарының талаптарын түсіндіру арқылы өнімді өндіру алдында проблемалық сұрақтарды анықтау болды.

Кәсіпорынды аралау кезінде департамент қызметкерлері мен техникалық реттеу саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ мемлекеттік стандарттау жұмыстарының бағыты, халықаралық менеджмент жүйесі, нормативтік техникалық құжаттардың Бірыңғай Фонды және өнімдер мен қызметтер бойынша сәйкестікті растау процестері, кәсіпорындағы өлшем құралдарына қатысты метрологиялық талаптар, өнімдерді каталогтау жүйесі туралы ақпараттар берілді.

1989 жылдан бастап «Блэк» ЖШС ұлттық стильдегі интерьер бұйымдарын және дәстүрлі қазақ аспаптарын – қазақша жиылмалы үстелдер, ұлттық нақыштағы шкафтар мен ыдыс-аяқтарды сақтауға арналған сөрелер - асадал, кебеже, түрлі өлшемдегі сандықтар шығарумен айналысады. Жиһаздар киіз үйлерді, дәстүрлі қазақ стиліндегі түрлі бөлмелерді безендіруге арналған. Кәсіпорын Ақмола облысының Индустраландыру картасындағы инвестициялық жобалар тізіміне кіреді.

Кәсіпорынды аралау барысында департамент қызметкерлері техникалық реттеу, метрология саласының нормативтік құжаттар талаптары бойынша түскен сұрақтарға толық жауаптар беріп, осы салаға қатысты бұдан әрі де  өзара қарым-қатынас және заңнамалар талаптары бойынша мәселелерге түсіндірмелер беру бағытында уағдаластық жасалды.

 

Победителю конкурса «Лучший товар Казахстана-2018» разъяснилизаконодательство в области технического регулирования