
2018 жылдың 6-8 тамызында Шымкент қаласында бюджеттік бағдарлама аясында «Техникалық реттеу және метрология комитетінің» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандарын оқыту семинары өтті. 3 күндік семинарда мамандар бекітілген бағдарламаға сәйкес дәріс материалының толық курсын тыңдады.Тыңдаушыларға техникалық реттеу саласы бойынша ЕЭК-тің жаңа шешімдері, өкімдері, мемлекеттік метрологиялық бақылау, мемлекеттік бақылау мен қадағалау, кәсіпкерлік кодекс аясында тексерісті жүзеге асыру, нормативтік-құқықтық актілерге қатысты тексеру іс-шаралары тақырыптары түсіндірілді. Бағдарлама аясында мемлекеттік инспекторлар «Бағалы металдар мен асыл тастар» туралы ҚР заңын қарады және бағалы металдардың сынама бағасын анықтау талаптары, Қазақстандық сынамалық таңбасын зергерлік бұйымдарға түсіру мәселелерін талқылады. Соңында, «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР конституциялық Заңы, мемлекеттік символдарды әзірлеудегі шарттардың сақталуын қадағалау мәселелері де қаралды.