СҚО-НЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЗАҢНАМАСЫН ТҮСІНДІРДІ

СҚО-НЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЗАҢНАМАСЫН ТҮСІНДІРДІ

10-тамыз күні Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті мен «Қазақстанның стандарттау және сертификаттау институты» РМК СҚФ бірлесіп Г. Г.Степанян ЖК-нде болып қайтты.

Кездесудің мақсаты техникалық реттеу және метрология саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарын түсіндіру.

Оған қатысушылар КО ТР ҚР СТ 1164-2002 «Модельдық аяқ киім. ТУ», МЕМСТ 7296-2003, «Аяқ киім. Таңбалау, қаптама, тасымалдау және сақтау», КО ТР «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» талаптарын түсіндіру жұмысын өткізді.

Г. Г. Степанян ЖК аяқ киім цехы қарапайым тұтынушыға арналған және 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Кездесу қорытындысы бойынша бас маман – мемлекеттік бақылау жөніндегі СҚО бойынша мемлекеттік инспекторы Алина Белогонова нормативтік құжаттарды пайдалану және жаңарту туралы, өнімдерді Қазақстан Республикасының Бірыңғай каталогына енгізу туралы, өнімнің таңбалау талаптарын сақтау туралы ұсынымдар берді.