
2018 жылғы 10-тамызда ТРМК Алматы облыстық департаменті «КазСтИн» РМК облыстық филиалымен бірлесіп «Техникалық реттеу жүйесін жетілдіру» тақырыбына арналған семинар өткізді.
Отырыстың мақсаты техникалық реттеу бойынша өндірушілерге ақпараттық және түсіндірме көмек көрсету, Еуразиялық экономикалық комиссиядан түсетін құжаттарды жылдам қарауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ескере отырып, олар бойынша ұсыныстар дайындау.
Отырыс барысында Департамент басшысының м.а. Бибігүл Омарова Техникалық реттеу жүйесінің метрология саласын жетілдіру негізінде жоспарланып жатқан жаңа мемлекеттік тәсілдер туралы ақпарат берді. Бибігүл Омарова жаңа тәсіл бойынша өлшем тізбесінің мемекеттік мекемелер бизнес қоғамдастықтардың ұсынысы негізінде бекітілетінін жеткізді. Сонымен қатар, аталған өлшем тізбесін қалыптастыру мақсатында Департаменттің жүргізіп жатқан түсіндірме жұмыстары тұралы мәлімдеді.
«КазСтИн» РМК Алматы облысы филиалының директоры Мария Жетібаева өз сөзінде сәйкестік декларациясы, сәйкестік сертификаттау схемалары, 2019 жылғы мемлекеттік стандарттау жоспары туралы мәлімет ұсынды.
Сондай сәйкестік декларациясында сәйкестігін растау рәсімі өтініш берушінің жеке дәлелдемелері және (немесе) сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі органның қатысуымен алынған дәлелдемелер және (немесе) аккредиттелген сынақ зертханасының дәлелдемелері негізгі ақпарат болып табылады. Бұл ретте сәйкестік туралы декларацияда көрсетілген өнімнің барлық көрсеткіштері техникалық регламенттің талаптарына сәйкес екендігі туралы ақпарат болуын қажет етеді.
Сәйкестік сертификат беру жұмысы сертификаттау жөніндегі органның оң қортындысы негізінде таңдалған сертификаттау схемасы арқылы жүзеге асырылады.
Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес өнімге берілген сәйкестік сертификатының дәлелдемелері өтініш берушімен бірге сертификаттау жөніндегі органмен жиналып, саталынады.
Сонымен қатар, Мария Жетібаева өз сөзінде 2019 жылы мемлекеттік стандарттау жоспарына ұсыныстар қабылданып жатқанын айтты. Бүгінгі күнде аталған жоспарға 6 өтініш түскендігін мәлім етті.