АЛМАТЫДА СӘЙКЕСТІКТІ РАСТАУ ОРГАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

АЛМАТЫДА СӘЙКЕСТІКТІ РАСТАУ ОРГАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2018 жылдың 13 тамызында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде цементтің сәйкестігін растау бойынша СРО және СЗ өкілдерімен жұмыс барысындағы кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты заң бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралардың орындалуы, сәйкестік растау органдарын қайта аккредиттеу уақытын анықтау, материалдарды өзекті ету және басқа да цементті сынақтан өткізу және сәйкестігін растау жұмыстары бойынша өзекті мәселелерді талқылау.

Кездесу барысында департамент басшысы Сауықбек Капаев цементтің сәйкестігін растау жауапты және маңызды жұмыс екенін айтып, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау туралы талаптардың орындалуы мен олардың дәлелдерінің нәтижесі деді.

Кездесудің қорытындысы бойынша кемшіліктерді жою және қабылданған шаралар туралы ұсынылған материалдарды  қарастыра келе, ТРМК-не цемент өнімін аккредиттеу аттестаның мерзімінен бұрын жаңарту жөнінде өтінім хатты жіберу шешімі шықты.