АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРҒА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕЛЕРІН ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРҒА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕЛЕРІН ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

13-тамыз күні Ақмола облысының кәсіпорындарына басқару жүйелерін енгізу жөнінде бір күндік тегін семинар өтті.

Ссеминарға мүдделі мемлекеттік органдардың, бизнес-ортаның өкілдері, Ақмола облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарының түрлі санаттағы мамандары, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

Семинар барысында қатысушылар ISO/TS 45001 «Енбекті қорғауды басқару жүйелерін пайдалануға қатысты қойылатын талаптар», дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі аясында (ДЭФ ЖБК) ішкі нарықта жеткізушілердің сапасын арттыру, ISO/FDIS 22000 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін басқару жүйесі, азық-түлік тізбегінде кез-келген ұйымға қойылатын талаптар» атты тақырыптарды қарады.

Семинардың оқытушысы басқару жүйелерінің сараптамалық-аудиторы (9001,14001,18001,50001) Айгуль Сламбек болды.

Ол бүгінгі күні кәсіпорындардың түрлі деңгейдегі қызметкерлерінің кәсіптік құзыреттілік деңгейін көтеру керек және жетілдіру қажет (қарапайым мамандардан топ-менеджерлерге дейін). Ол іс жүзінде өнімдер мен қызметтерді өндіруді жақсарту үшін барлық қажетті құралдарды дұрыс және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, деп атап өтті семинар оқытушысы.

Семинар қорытындысы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департамент басшысы Қайрат Қасенов қатысушыларға сертификаттарды табыстады.

 

В Акмолинской области прошел семинар по внедрению систем менеджмента на предприятиях