
2018 жылдың 15-тамызыңда Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында «Қазақстан сараптау және сертификаттау орталығы» ЖШС-не барды.
«Қазақстан сараптау және сертификаттау орталығы» ЖШС азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар, қоршаған ортаны қорғау, геология және гидрометеорология саласындағы қызметті жүзеге асыру, мемлекеттік есеп операциялары, сатып алушы (тұтынушы) және сатушы (өнім беруші, өндіруші, орындаушы) арасындағы, соның ішінде тұрмыстық және коммуналдық қызметтер көрсету мен байланыс қызметтерін көрсету салаларындағы сауда-коммерциялық операциялар кезінде пайдаланылатын өлшем құралдарға салыстырып тексеру жүргізу бағытында қызмет жасайды.
Кездесу барысында, департаменттің бас маманы ҒалымМұқыжанов Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына жоспарланған өзгерістер жайлы түсіндірме берді.
Оның ішінде мемлекеттік метрологиялық бақылаудың қысқартылуын, сонымен қоса бизнес өкілдердің жұмысын жеңілдетуге әкелетін өлшем құралдарды салыстырып тексеруден калибрге көшуін айтап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша, «Қазақстан сараптау және сертификаттау орталығы» ЖШС өкілдерімен артериялық қысым өлшеуішіне салыстырып тексеру жұмыстарының процесстері көрсетілді, ал Департамент өкілі болашақта күрделі мәселелер туындаған жағдайда Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаментіне хабарласуды ұсынды.