
2018 жылдың 15-тамызында ТРМК Алматы облысы бойынша департаменті «Голд Продукт» АҚ-ың ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты техникалық реттеу және метрология саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын түсіндіру.
«Голд Продукт» АҚ-ның негізгі қызметі - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, жинау, өңдеу және сату.
Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түлік өнімдерінің тізілімін қалыптастыру және тізілімін жүргізу мәселелері бойынша да бірқатар мәселелер қаралды.
Оған қоса, департамент басшысының м.а. Бибігүл Омарова «Каталогтау» ақпараттық жүйесі туралы мәлімдеді. Аталған жүйенің негізгі мақсаты - Қазақстанда өндіріліп жатқан өнімдердің каталогын құру.
Каталогтау жүйесіне барлық шығарылып жатқан өнім міндетті түрде тіркелуі тиіс. Тіркеуге жатпайтын өнімдер қатарына тәжірибелік үлгілер, кәдесыйлар, өнімнің құрамдас бөліктері жатады.
Каталог парағында өнім өндіруші, нормативтік құжаты, тұтыну сипаттамалары туралы барлық қажетті ақпарат көрсетіледі.
Аталған ақпаратты мемлекеттік және жергілікті қажеттіліктер мен мемлекеттік тапсырыс бойынша сатып алу мәселелерін шешу үшін мемлекеттік органдар қолданады.
ТРМК Алматы облысы бойынша департаменті каталог парақтарын сараптап тіркеу, сондай-ақ орталық ақпараттық жүйеге ақпарат беру жұмыстарын жүзеге асырады.
Кездесу соңында кәсіпорын өкілдерінің сұрақтарына толықтай жауаптар берілді.
