
2018 жылғы 16-тамызда инфрақұрылым сапасы құралдарын пайдаланатын кәсіпорындар үшін нақты ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында (техникалық регламенттер, стандарттар, өлшем құралдары, сәйкестікті бағалау құжаттары, сапа менеджменті жүйелері) ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша депатаменті «Романа-Групп» ЖШС кәсіпорынында кездесу өткізді.
«Романа-Групп» ЖШС қызметінің негізгі бағыттарының бірі плиталарды, жалғастырғыштарды, қадаларды және ҚІБ блоктарды өндіру мен сату.
Кездесу барысында кәсіпорынның жұмыскерлеріне техникалық реттеу саласындағы заңнама талаптары, стандарттау және метрология туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ұлттық стандарттарды дайындау, нормативтік техникалық құжаттарды жаңарту, өнімнің каталогтық парақтарын құру мәселелері қаралды. Сондай-ақ сәйкестікті бағалау туралы құжатты және тауардың шығуы туралы сертификатты алу кезінде заңнама түсіндіріліп, консультациялық көмек көрсетілді.

