АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША «КАТАЛОГТАУ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША «КАТАЛОГТАУ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті және Алматы филиалы «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК бірлесіп   «Строитель» ЖШС және  «Уыз Май Industry» ЖШС-сы ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты  техникалық регламенттер бойынша өнімді өндірушілерге түсіндірме ақпарат беру, Еуразиялық экономикалық комиссиядан алынған құжаттарды жылдам қарауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін есепке ала отырып, олар бойынша ұсыныстар дайындау. Сондай-ақ, техникалық реттеу және метрология саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын түсіндіру.

Кездесу аясында құрылыс қауіпсіздігі мен азық-түлік өнімдеріне қатысты техникалық реттеудің талаптары, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіпсіздік талаптары, сәйкестікті бағалау ережелері және бір құжатта - ЕурАзЭҚ-тың техникалық регламенттерінде сәйкестікті белгілеуді

Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылыс және ауыл шаруашылық өнімдерінің тізілімін қалыптастыру мен тізілімін жүргізу мәселелері бойынша да бірқатар мәселелер қаралды.

Бас маман Гүлмира Абдрасилова «Каталогтау» ақпараттық жүйесі тұралы мәлімет берді. Аталған жүйенің негізгі мақсаты қазақстанда өндіріліп жатқан өнімдердің каталогын құру. Каталогтау  жүйесіне барлық шығарылып жатқан өнім  міндетті түрде тіркелуге тиіс. Тіркелуге жатпайтын өнімдер қатарына тәжірибелік үлгілер, кәдесыйлар, өнімнің құрамдас бөліктері жатады.

Кездесу соңында кәсіпорын өкілдерінің сұрақтарына толықтай жауаптар берілді.