
Евразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2014 жылғы 1 қазандаға № 79 «Кеден одағының техникалық регламенттерін әзірлеу және Кеден орағының техникалық регламенттеріне өзгерістер енгізу жоспары туралы» шешіміне сәйкес Евразиялық экономикалық одақтың «Тасымалдауға және (немесе) қолдануға дайындалған мұнай қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент жобасы (00_/201 ЕЭО ТР) (бұдан әрі – ЕЭО техникалық регламенті) әзірленді. Қазіргі таңда техникалық регламент ашық талқылану үстінде. Ашық талқыланудың бастапқы күні 2015 жылдың 30 қазаны. Ашық талқылаудың ақталу кіүні деп (жоба бойынша ұсыныстар мен ескертулер (пікірлер) берудің соңғы күні) 2016 жылдың 11 қазаны ұсынылған. Техникалық регламент мынадай мақсаттарда әзірленеді:
- адамдардың денсаулығы мен өмірін қорғау;
- қоршаған ортаны қорғау;
- энергиялық тиімділікті және ресурсты үнемдеуді қамтамасыз ету;
- міндеті мен қауіпсіздігіне қатысты тұтынушылардың (қолданушылардың) жаңылуына әкеп соғатын іс - әрекеттерді ескерту.
Бұл техникалық регламент ЕЭО мүше мемлекеттер аумағында айналымға түсетін және айналымда жүрген мұнайларға қолданылады. ЕЭО техникалық регламенті адамдардың денсаулығы мен өмірін, мүлкін, қоршаған ортаны қорғауға міндеті мен қауіпсіздігіне, энергиялық тиімділігі мен ресурсты үнемдеуді қамтамасыз етуге талаптар орнатады.
ЕЭО техникалық регламенті мемлекеттік қорғаныс бойынша тапсырыспен алынған мұнайға, ЕЭО аумағанан басқа елдерге экспортталатын мұнайға қолданылмайды. ЕЭО техникалық регламенті мұнайға туғызатын қауіпті факторларды еспетегіштерге, мұнайдың техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайтау ережелеріне негізгі қауіпсіздік талаптарын қамтиды. ЕЭО техникалық регламентін қолдану барысындағы өлшем бірліктерімен қамтамасыз ету жөніндегі талаптары «Тасымалдауға және (немесе) қолдануға дайындалған мұнай қауіпсіздігі туралы» ЕЭО техникалық регламент жобасы талаптарын қолдануда, зерттеу (сынақ) және өлшеу әдістемелері , соның ішінде үлгілерді алу ережесі қамтылған Евразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің халықаралық және ұлттық стандарттарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
ЕЭО техникалық регламент талаптары мұнай өндірушілердің, тасымалдаушы ұйымдардың, сатушылар мен тұтынушылардың, жанармай құю стансицясы иелерінің, сертификаттау органдарының, сынақ зертханаларының және басқа да мүдделі тұлғалардың қызығушылығын арттырады.
ЕЭО техникалық регламенті2014 жылғы 29 мамырдағы Евразиялық экономикалық одақ туралы Келісімшартқа сәйкес әзірленген. ЕЭО техникалық регламентін әзірлеу барысында 2006 жылғы 27 қазанда ЕЭЩ мемлекетаралык кеңесі Шешімімен бекітілген Евразиялық экономикалық қауымдастықтың техникалық регламенттің үлгілік құрылымы жөніндегі Ұсынымдар ережесі ескерілген және де техникалық регламентті әзірлеуге халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттар және техникалық реттеу аясындағы нормативті техникалық құжаттар негіз болып табылады.
Техникалық регламент жобасында мұнай сәйкестігін бағалау оны ауналымға шығарар кезде сынамадан өткізіп паспорт рәсімдеу әзірлеужімен жүзеге асырылады. Одаққа мүше мемлекеттердің халықаралық, өңірлік стандарттар ережелерінен ерекшеленетін басқа талаптар жоқ.
Евразиялық экономикалық одақтың техникалық регламент жобасын қолданысқа енгізудің болжамжы мерзімі – 2017 жылдың 1 наурыз айы.

«Тасымалдауға және (немесе) қолдануға дайындалған мұнай қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентімен толығырақ танысқысы келетіндерге, Еуразиялық экономикалық одақтың ресіми сайтына кіруге, немесе Астана қаласы, Дүкенұлы көшесі 29 мекенжайында орналасқан Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне хабарласуларыңызды ұсынамыз. Байланыс телефондары: 270741, 270742, Email: Gosnadzor_Astana@mail.ru. ҚР ИДМ ТРМК Астана қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы Коваленко С.В.