
2016 жылдың 2 - наурыз айында Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасымен, Астана қаласы әкімі Жақсыбеков Әділбек Рыскелдыұлымен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа төрағасы Күлібаев Тимур Асқарұлы төрағашылығымен, Астана қаласы кәсіпкерлерінің III жыл сайынғы конференциясысы өткізілді, сонымен қатар осы конференцияға Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысы Қапаев Сауықбек Әріпұлы қатысты.
Аталмыш конференцияда сәйкестікті растау органы өкілімен техникалық реттеу саласындағы күрделі мәселе, нақтырақ айтқанда Қазақстан Республикасы аумағында Ресейлік аккредиттеу субъектілерінің заңсыз қызметтері бойынша сұрақ көтерілді, сол сұраққа Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысымен жауап беріліп және осы сұрақтар жөнінде алдағы ынтымақтастық туралы ұсыным берілді.
Осыған орай, 2016 жылдың 16 наурызында, Астана қаласы кәсіпкерлерінің III жыл сайынғы конференциясысында көтерілген күрделі мәселелерді талқылауға және олардың шешу жолдарын қарастыру үшін, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментімен жиналыс бастамашылық етілді. Жиналысқа Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы, Ұлттық аккредиттеу орталығы және қаланың сәйкестікті растау органдарының өкілдері қатысты.
Жиналыс барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлер Кодексінің жүзеге асыру үшін қабылданған нормативтік құқықтық құжаттарының талаптары түсіндіріліп, Қазақстан Республикасы аумағында Ресейлік аккредиттеу субъектілерінің заңсыз қызметтері талқыланды және де сәйкестік сертифкатардың заңсыз берілмеу жолдарын шешу қарастырылды.
Жиналыстың қорытындысы бойынша, аталмыш сұрақ бойынша қарым-қатынасты одан әрі арттыруға және жақын арада Өнірлік штаб аясында Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы, Прокуратурасы, ҚР ІІМ, Мемлекеттік кірістер комитеті, аккредиттеу субъектілері және кеден брокерлары өкілдерінің қатысуымен, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы, нақтырақ айтқанда Шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын түсіндіру жұмыстарын өткізуге шешім қабылданды.