2016 ЖЫЛДЫҢ 14-15 НАУРЫЗЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯ РЕСПУБЛИКАЛАРЫ, АУҒАНСТАН, ПӘКІСТАН ЕЛДЕРІНІҢ ТАМАҚ ӨНІМДЕРІН ФОРТИФИКАТТАУҒА АРНАЛҒАН СТАНДАРТТАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ТОПТАРДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕСІ ӨТТІ

2016 ЖЫЛДЫҢ 14-15 НАУРЫЗЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯ РЕСПУБЛИКАЛАРЫ, АУҒАНСТАН, ПӘКІСТАН ЕЛДЕРІНІҢ ТАМАҚ ӨНІМДЕРІН ФОРТИФИКАТТАУҒА АРНАЛҒАН СТАНДАРТТАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ТОПТАРДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕСІ ӨТТІ

2016 жылдың 14-15 наурызында Алматы қаласында Орталық Азия Республикалары, Ауғанстан, Пәкістан елдерінің тамақ өнімдерін фортификаттауға арналған стандарттарды үйлестіру бойынша Өңірлік топтардың техникалық кеңесі өтті.

Сарапшылар тобына Қазақстан, Ауғанстан, Пәкістан, Тәжікстан, Қызғыз елі және Өзбекстан – 6 елдің стандарттау жөніндегі ұлттық комитеттерінің өкілдері, үкіметтік реттеуші органдардың, зерттеу институттарының, бидай ұнын өндірушілер және сәйкес іскерлер қауымдастықтарының мамандары енді.

«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК тарапынан Техникалық нормалау басқармасының бастығы – Кулешова Е.А. қатысты.

Жұмыс барысында сараптаушы топ Орталық Азия Республикаларында, сондай-ақ Ауғанстан және Пәкістан елдерінде бидай ұнын фортификаттау жөніндегі талаптар мен нормаларды үйлестіру мүмкіндігі бойынша сараптамалық құжаттарды қарады.

Сонымен қатар ұнды экспортқа шығару нысандарын кеңейтуге ықпал ету мақсатында Дүниежүзілік денсаулықсақтау ұйымы (ДДҰ) талаптарына сәйкес болуын ескере отырып өңірлік деңгейде стандарттарды үйлестіру туралы ұсыныстар мен кеңестерді талқылады.