БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ МЕН ҚОЛДАУ БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020 АЯСЫНДАҒЫ БІРЫҢҒАЙ БАҒДАРЛАМА ЖОБАЛАРЫ

БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ МЕН ҚОЛДАУ БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020 АЯСЫНДАҒЫ БІРЫҢҒАЙ БАҒДАРЛАМА ЖОБАЛАРЫ

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Канат Кенжин Қарағанды облысының кезекті сараптамалық кеңес мәжілісіне қатысты.     

Бейне-конференциалды режим байланысында өткізілген мәжілісте «Карагандинский мелькомбинат» ЖШС «Жем зауытын кеңейту және жаңғырту», «Kaz-metiz» ЖШС «Арқандар өндірісі үшін жабдықтарды сатып алу», «Ecoindustry» ЖШС «Шиналарды қайта өңдеу үшін жабдықтарды сатып алу», «Атобусный парк №3» ЖШС «Автобустар сатып алу», «Евротехсервис» ЖШС «Тұрғын емес өндірістік база ғимараттарын сатып алу» және «Техникалық сұйықтықтарға химиялық талдау және сынақ жүргізу үшін зертхана құрылысы», «ИНЭК» ЖШС «Арнайы техникаларының паркін ұлғайту» субсидиялар Шарттарының қолдану мерзімдерін ұзарту туралы мәселелер қарастырылды.

АҚ ҚФ «Даму» КДҚ директоры Гулнар Хасенова «РаушанТС» ЖШС жобасы бойынша субсидиялауды тоқтату туралы, гранттық қаржыландыру «Ховдашхан» ЖК жобасы бойынша жүргізілген қосымша мониторинг нәтижесі жөнінде, Топ-менеджментін оқыту компонентіне қатысатын кәсіпкерлер өтініштерін қарастыру туралы баяндама жасады.

«Жетілмеген инфрақұрылымдарды реттеу механизмі шеңберінде мақұлданып қарастырылған жобалар туралы» Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Аблаева Татьяна айтып өтті.

Сонымен қатар мәжілісте бірқатар жобаларды таныстырды: «MD Vision» ЖШС-не «Офтальмологиялық орталықтың ашылуына арналған жабдықтарды сатып алу», «Акнар ПФ» ЖШС фирмасына «Айналым капиталын қаржыландыру», «АПК Волынский» ЖШС-не «Айналым капиталын қаржыландыру», «А-Алтын» ЖШС-не «Айналым капиталын қаржыландыру».