
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге, сондай-ақ жалпы республикада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жаңа шаралар туралы семинар-кеңес өткізді.
Аталған іс-шара Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылық штабының басшысы Балғымбаев Саят Сергеевичтің қатысуымен өткізілді
Балгимбаева Саят Сергеевич өз баяндамасында осы іс-шараға қатысушыларға Мемлекет басшысының тапсырмасы, сондай-ақ сыйлықтарға, материалдық сыйақыға және мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйға тартушының пайдасына жасаған әрекеттері үшін қызмет көрсетуге заңмен белгіленген толық тыйым салу туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.
Сонымен қатар, аталған іс-шараға Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің ведомстволық бағынысты кәсіпорындарының басшылары мен қызметкерлері қатысты, атап айтқанда, «ҚазСтИн» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы, «ҚазМетрИн» РМК ОҚФ, «ҰАО» ЖШС Алматы қаласындағы өкілдігі.