
2018 жылдың 22 тамызындаҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті және Маңғыстау облыстық «Азаматтық альянс» заңды тұлғалар бірлестігі өкілдерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңдары талаптарын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Жетыбай Акмаганбетов отырысты кіріспе сөзімен ашып, Әдеп кодексінің талаптары туралы және оны қатаң бақылауда ұстау туралы айтты.
Департаменттің бас маманы Мақсат Мұрымбай сыбайлас жеқорлықтың алдын алу шаралары бойынша осы уақытқа дейін Департаментпен атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің бас маманы – Ханшайым Куспанова «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия талаптары» тақырыбында баяндама жасады.
Маңғыстау облыстық «Азаматтық альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің жоба үйлестірушісі Ляззат Карабалаева аталған салада кездесетін өзекті мәселелермен бөлісіп, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп жасалынған жұмыстары жөнінде айтып өтті.
Отырыс барысында қатысушылармен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сақтану мақсатында жасырын сауалнама жүргізілді.Жиынпікір алмасу форматында өтіп, қойылғансұрақтарға тиянақты жауаптар алынды.