
Қарағандыда отандық өндірушілерді сапалы инфрақұрылымдық құралдарды (техникалық регламенттер, стандарттар, өлшеу құралдары, сәйкестікті бағалау құжаттары, сапа менеджменті жүйесі) қолдану арқылы алдын-алу шаралары және ақпарат беру арқылы қолдау жалғасуда.
Ағымдағы жылғы 23 тамызда ТРМК Қарағанды облысы бойынша департаменті, метрология институты, стандарттау және сертификаттау институты және Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірлесе отырып, «Қарағанды фармачевтикалық кешені» ЖШС-да өңірлік штабының көшпелі мажіліс отырысын өткізді.
Кәсіпорын Қазақстан бойынша иммунобиологиялық биофармацевтикалық және арнайы дәрі-дәрмектер шығаратын жалғыз кәсіпорын болып табылады.
Кездесу барысында өлшеудің бірыңғайлығын қамтамасыз ету, стандарттау, аккредиттеу саласындағы өзекті мәселелер қаралды, кәсіпорынға кеңес беру көмегін көрсету арқылы заңнаманың талаптарын түсіндірді.

