
2018 жылғы 24 тамыз күні ШҚО бойынша техникалық реттеу және метрология Департаментінің мамандары, Семей қаласы «Қазақстандық сертификаттау және стандарттау институты» РМК өкілдіктерімен бірге «Прииртыш бройлер құс фабрикасы» ЖШС-не барып қайтты.
Кәсіпорын құс етін шығарады және өз өнімдерін қайта өндеуден өткізеді.
Кездесудің мақсаты «Құс етін және өнімін қайта өңдеу қауіпсіздігі туралы» ЕАЭС ТР жобасы, сонымен қатар Кеден одағының қолданыстағы «Тамақ өнімдерін таңбалау», «Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы», «Ет және ет өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент талаптарын түсіндіру болды.
Кездесу барысында құс етінің қаптамасын пайдалану бойынша сұрақтар қойылды. Қаптама Кеден одағының «Қораптардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент талаптарына сәйкес келу қажеттілігі белгіленді. Құс етін сою мен оларды қайта өңдеу өнімдерімен байланыстыратын материалдар құс етін союды және оларды өңдеу өнімдерін Кеден одағының кедендік аумағында жарамдылық мерзімі ішінде өңдеу кезінде олардың сәйкестендіру белгілерінің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
Сондай-ақ ет өнімдерін орауға арналған қаптамалар, адам денсаулығына зиян келтіретін мөлшерде химиялық заттардың барынша рұқсат етілген мөлшерінен асып кететін модельдермен және ауа орталарымен байланыста болатын заттарды шығармауы керек.
Кездесудің қорытындысы бойынша өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету, өлшеу құралдарын тексеру мәселелері талқыланды.
Барлық сұрақтар бойынша Департамент мамандарымен толық жауаптар берілді.
