«МАРАФОН – 2018»

 «МАРАФОН – 2018»

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент мамандары 2018 жылдың 26 тамызында жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында «Мектепке жол қайырымдылық марафоны-2018»-ге қатысты.

Марафонға 300-ге жуық мемлекеттік қызметші және мемлекеттік емес мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері қатысты. Жарысты ұйымдастырушылар - Қызылорда облысының білім, жастар саясаты мәселелері, дене шынықтыру және спорт, ішкі саясат, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, Қызылорда қалалық әкімдігі, жергілікті полиция қызметі, облыстық «Азаматтық альянсы» қауымдастығы, Қазақстан халқы ассамблеясы, «Жомарт» мүгедектерге, балалары мүгедек ата-аналарға және тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға көмек көрсету» қоғамдық бірлестігі, «Тарлан» спорт комплексі, «Zangar Sport» қоғамдық бірлестігі.

Марафон мақсаты - «Ұлт саулығы» идеясын және салауатты өмір салтын насихаттау, халықты дене шынықтыруымен және спортпен белсенді айналысуға баулу, бұқаралық спортты дамыту, жас спортшыларды қолдау болып табылады.

Марафон қатысушыларынан жиналған қаражат қоры мектеп жасындағы балалар қорына жолданатын болады.

«МАРАФОН – 2018»