"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" президенттік тұжырымдамасын іске асыру мақсатында

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" президенттік тұжырымдамасын іске асыру мақсатында

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Бақытжан Мұхтаров үстіміздегі жылдың 06 қазанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстағы филиалымен, Аумақтық орталық мемлеткеттік органдар басшыларының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет. Тиімді байланыс» тақырыбында өткізілген онлайн дәріс бейне-конференциясына қатысты.

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау мақсатында билік халық үніне құлақ асуға, жергілікті жерлердегі проблемаларды шешуге, азаматтар алдында тұрақты түрде есеп беруге міндетті екенін талқыланды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет стері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Л.Бейсекулова –ашылу сөзін айтты. Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстағы филиалының оқытушысы М.Ныгметжанова «Стреске төзімділік» атты тақырыпта дәріс оқыды, сонымен қатар Мемлекеттік қызметшілердің Этикасы туралы презентация көрсетілді.