Өтетін күні: 23 ақпан, 2016 ж., сағат 10:00.
СПИКЕРЛЕР:
Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы
Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
Әкімов Әбсамат Әбжапарұлы
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы
Төлеужанов Марат Төлеубекұлы
Осы шараға «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Алматы облысы бойынша филиалының өкілдері қатысты
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген шараларды іске асыру және мемлекеттік рәміздерді қолдану аясын кеңейту мақсатында мемлекеттік рәміздер саласындағы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің жаңа жолдары белгіленді.
Мемлекеттің Елтаңбасын сапалы жасауға арналған ұлттық стандартқа да өзгерістер енгізілді.
1. Елтаңбаны жасаудағы кемшіліктерді ескере отырып, оның өлшеміне, түсіне ауытқу шегі енгізілді.
2. Мемлекеттік Елтаңбаны жасап шығаратын кәсіпорындардың ұсынысы бойынша, Елтаңба авторы онда көрінбеген элементтерді анықтап, атауларын атады.
3. Стандартталған бақылау (зерттеу) тәсілдері енгізілді. Бұл Елтаңба жасаушылардың өндірісін, стандарттарда көрсетілген талаптарын, параметрлерін бақылауға және даулы сұрақтар туындағанда стандартқа сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді.
4. Мемлекеттік Елтаңба өндірушілердің сапалы өнім өндіруі үшін Елтаңбаны қолдануға кепілдік мерзімі 3 жыл болып көрсетілді.

