ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

 ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

2016 жылдың 3 наурызында Қызылорда облыстық техникалық реттеу және метрология комитеті департаментімен АҚ ҚРМ  «Даму» және РМК «ҚазСтИн» Қызылорда филиалы бірлесіп техникалық реттеу және «2020 бизнестің жол картасы» біртұтас бағдарламасы аясындағы қәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау құралдары бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге облыстық ұйымдарымен мекемелерінің өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында қатысушыларға ақпараттар мен түсіндірмелер жеткізілді:

-ҚР МИД техникалық реттеу және метрология комитетімен дайындалған, 2015 жылы 29 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасының Қәсіпкерлер кодексі және кодексті таратуға қабылданған нормативтік құқықтық акті туралы;

-Өнімді катологтау жүйесі туралы ;

-стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың жаңа түрлері туралы ;

-мекемелерде менеджмент жүйесін енгізу туралы ;

-қәсіпкерлікті қолдау құралдары және шаралары туралы ;

 Дөңгелек үстелге қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, өз жауаптарын алды.