
Арнайы экономикалық аймағының жобалары шеңберінде ағымдағы жылдың 2 наурызында ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитетінің, «ҰАО» ЖШС, «ҚазСтИн» РМК, «ҚазМетрИн» РМК және структуралық бөлімшелерінің басқа мамандары «Тау-Кен Алтын» ЖШС (Астана қ-сы) қатынасты.
Қазақстан Республикасының индустриялдық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шараларында түсті металлургия дамуына жаңа импульс беретін бағалы және таза металлдар өндірісін ұйымдастыру көзделген болатын. Аталған бағыт базалық металдар, соның ішінде стратегиялық элемент – алтын, өндірістерінің сапалы тәсілдерімен кешеннің технологиялық дамуының перспективті мүмкіндігі ретінде қарастырылады.
2013 жылдың 19-шы желтоқсанында Елбасы қатысуымен аффинах зауыты іске қосылған. Проектілік қуаты жылына 25 тонна алтын және 50 тонна күміс болып табылады.
Афинаж зауытында халықаралық стандарттарға сай, заманауи құралдармен жабдықталған аккредиттелген Орталық зауыт зертханасы бар. Аталмыш зертхана кіріс шикізат пен дайын өнімнің технологиялық процестерін тиімді аналитикалық қолдау және мінсіз анализ өткізу мақсатында құрылған.
Кәсіпорынға бару нәтижелері бойынша бірлесіп қызмет көрсетудің техникалық реттеу, метрология, аккредитация, стандарттау саласындағы негізгі бағыттар талқыланды.