
2016 жылдың 1 наурыз айында Тараз қаласында облыстық әкімдік ғимаратында кезекті Өңірлік штаб отырысы, Өңірлік штаб төрағасы, Жамбыл облысы әкімдігінің орынбасары Т.А. Жанке қатысуымен, Жамбыл облысы бойынша техникалық реттеу және метрология Комитетінің Департаментімен Жамбыл филиалы РМК «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» бірігіп ұйымдастырылған отырысы өтті.
Отырыс барысында келесі сұрақтар қарастырылды.
- «Қазақстан Республикасындағы жаңа заңнамалар»
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы «4» желтоқсан айында №1158 бұйрығымен бекітілген «Стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттарды қолдану қағидалары» бұйрығының жүзеге асырылуы.
2) ҚР Кәсіпкерлік кодексінің техникалық реттеу саласындағы қабылданған нормативтік құқықтық актілер жұмыс мақсатында түсіндіруді іске асыру.
3) Кеден одағы техникалық реттеу (КО ТР 022/2011) «Азық түлік өнімдері және оларды таңбалау» №1 өзгертілген жобасын талқылау.
4) Кеден одағы техникалық реттеу «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» жобасын талқылау.
Жамбыл облысы әкімдігінің отырысына Өңірлік штаб мүшелері, облыстық басқармалар мен департаменттердің өкілдіктері, Жамбыл облысы бойынша кәсіпкерлер палатасы, және облыстың ұйымдары мен кәсіпорындарының жетекшілері қатысты.
Өңірлік штаб төрағасы – Жамбыл облысы әкімдігінің орынбасары Т.А. Жанке қарастырылып отырған жаңа Кәсіпкерлік кодексі заңдарды жинақтау мақсатында жүйелеу үшін құрылғанын, және де бұл, бизнес және іскерлік қарым-қатынас қызметін реттейтін барлық құқықтық актілерді, бірыңғай түсінікті база ретінде болады деп атап айтты.
Кәсіпкерлік кодексінің енуіне байланысты Қазақстан Республикасының алты Заңы, соның ішінде «Жеке кәсіпкерлік туралы» күшін жойды.
ондай-ақ, кәсіпкерлердің жауапкершілігін лицензиялау және бақылау кезінде мемлекеттік органдардың мемлекеттік бақылау және қадағалау тәртібін анықталады. Ең көп көңіл жеке кәсіпкерлердің өздерінің жауапкершілігі аударылады.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы «4» 12 №1158 бұйрығымен бекітілген «Стандарттау жөніндегі сілтемелік нормативтік құжаттарды қолдану қағмдалары» бұйрығының жүзеге асырылуы туралы қысқаша мәліметті Жамбыл филиалы РМК «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» директоры А.Мынбаев айтып шықты.
Кәсіпкерлік кодексіндегі техникалық реттеу сұрақтары бойынша Тараз қаласының Әділет басқармасының басшысы Г.Кушекова түсіндіріп айтып шықты.
Отырыс барысында Кеден одағы техникалық реттеу (КО ТР 022/2011) «Азық түлік өнімдері және оларды таңбалау» №1 өзгертілген жобасы талқыланды. Және де Кеден одағы техникалық реттеу «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» жобасы бойынша Жамбыл филиалы АҚ «Ұлттық сараптау орталығы» стандарттау бөлімінің бастығы Т. Борода айтып шықты.
Өңірлік штаб отырысы кезінде кәсіпкерлердің белгілі бір мәселелер бойынша пікір алмасу жемісті өтіп, Жамбыл облысы бойынша техникалық реттеу және метрология Комитетінің Департаментінің және Жамбыл филиалы РМК «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» мамандарымен мағыналы жауап ұсынылды. Отырыс барысында Жамбыл облысы бойынша тұтынушылардың құқығын қорғау Департаментінен Кеден одағы техникалық реттеу (КО ТР 022/2011) «Азық түлік өнімдері және оларды таңбалау» №1 өзгертілген жобасы бойынша ұсыныстар түсті.
Өңірлік штаб отырысының мақсаты - Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістерді түсіндіру; сондай-ақ күшіне енген техникалық регламенттерге TC / ЕурАзЭҚ қоғамдық талқылауға Кеден одағының техникалық регламенттерін талқылауға байланысты бизнес- мәселелерді сәйкестендіру үшін ұсыныстар проблемаларын шешуге көмек көрсету.
