АСТАНАДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

АСТАНАДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Астанада техникалық реттеу мәселелері жөніндегі Өңірлік штаб отырысы өтті

Бүгін, 2016 жылдың 01 наурызында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен елорда әкімдігінде техникалық реттеу мәселелері жөніндегі кезекті Өңірлік штаб отырысы өтті.

Отырысқа Астана қаласы әкімінің орынбасары А. Лукин, ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасарлары

Ғ. Дұғалов және Е. Қарасаев, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК, «Қазақстан метрология институты» РМК, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС басшылары, Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан мұнай және газ институты, Мұнай және газ ақпаратты-талдамалық орталығы, Қазақстан жанармай ассоциациясы, қаладағы жанармай құю станциялары, мұнай базалары, мұнай және мұнай өнімдерін сату және өңдеу, оларды табу саласындағы ірі компаниялар, сонымен қоса қалалық бизнс-қауымдастық пен аккредиттеу субъектілері өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 маусымдағы № 635 қаулысымен техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру жөніндегі 2020 жылға дейінгі кешенді жоспар бекітілген. 

«Бұл кешенді жоспар республикамыздағы техникалық реттеу жүйесінің қолданыстағы тәсілін жақын арада түбегейлі жетілдіру деп танылған және отандық өндірушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілік беру бағдарламасы», - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары А. Лукин.

Кешенді жоспарды орындау аясында және де отандық өнімдердің халықаралық және аумақтық нарықтарға шығуына жағдай жасау мақсатында Астана қаласы әкімінің өкімімен техникалық реттеу мәселелері жөніндегі Астана қаласының өңірлік штабы құрылды.

Ол, сондай-ақ Өңірлік штаб отырысын өткізудің келесі мақсаттарын атап өтті:

-техникалық реттеу саласында мемлекеттік - жеке серіктестікті дамыту бойынша мүдделі тараптардың өзара әрекетін қамтамасыз ету және «Техникалық реттеу туралы» Заңды іске асыруда мемлекеттік және корпоративтік секторларға жәрдем беру;

- Қазақстанның индустрияландыру картасына, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына сәйкес, Астана қ. техникалық реттеу саласында бірыңғай техникалық саясатты әзірлеу және қабылдау;

- техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік ұйымдардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің, салалық бизнес – қауымдастықтардың, тұтынушылардың құқығын қорғау ұйымдарының және басқа да қоғамдық бірлестіктердің әрекеттерін үйлестіру.

Бұдан әрі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Төраға орынбасары Ғалымжан Дұғалов өткізіліп отырылған іс-шараның маныздылығын атап, күн тәртібіндегі келесі мәселелерді қысқаша баяндады:

- тасымалдауға және қолдануға дайындалған мұнайға қауіпсіздік талаптарын орнататын ЕЭО техникалық регламент жобасын, жанармай сапасына өтпелі бақылау жүйесін, сонымен қатар «Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша қағидалар мен талаптар» жобасын қарастыру..

Шара аясында Астана қаласының Өңірлік штаб мүшелері «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС мұнай өнімдерін іріктеу және сынау жөніндегі аккредиттелген сынақ зертханасына барып, жанармайды өтпелі бақылау жүйесімен және жаңа сынақ жабдықтарымен танысты.

Техникалық реттеу мәселелері жөніндегі Өңірлік штаб отырысы кәсіпорындардың, бизнес-қауымдастықтардың, мемлекеттік органдардың қатысуымен тұрақты түрде өткізіледі және техникалық реттеу жүйесіндегі ЕЭО қолданыстағы техникалық регламентерінің күрделі мәселелерін анықтап оларды жою үшін, сонымен қоса кәсіпкерлік білімді арттыру үшін тиімді механизм болып табылады.