АЛМАТЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЛАРЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРДЫ ХАБАРЛАДЫ

АЛМАТЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЛАРЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРДЫ ХАБАРЛАДЫ

2018 жылдың 13 қыркүйегінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінде мемелекеттік инспекторлар «Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығының тракторлары мен тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы Техникалық регламентінің негізгі талаптарын хабарлады.

Сонымен, Кеден одағының бiрыңғай кеден аумағында шыққан еліне қарамастан айналымға шығарылатын 6 км/сағаттан кем емес жобалық жылдамдыққа ие жаңадан өндiрiлетiн және импортталған доңғалақты және шынжыр табанды ауыл шаруашылығы және орман тракторлары мен тіркемелерi Техникалық регламенттің объектiлерi болып табылады.

Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен тіркемелері сертификаттау түрінде сәйкестікті растауға жатады.

Сонымен қатар, тракторларды және тіркемелерді сертификаттауды Кеден одағының бірыңғай тізіліміне енгізілген сәйкестікті растау органдары (СРО) жүргізеді.

Сертификаттау үшін тракторлар мен тіркемелер өндірушімен (өндіруші мақұлдаған тұлғамен) жеткізіледі.

Өндіруші (өндіруші мақұлдаған тұлға), импорттаушы СРО-ға оны пайдалану кезінде қауіпсіздікті сақтауды растайтын құжаттар жиынтығын береді.

Сәйкестік сертификаты трактордың немесе тіркеменің техникалық сипаттамасын, негізгі жобалау құжаттарын, операциялық құжаттарды, сипаттамалар немесе көрсеткіштер тізбесін, келісімшартты (жеткізілім шартын) немесе тасымалдау құжаттамасын қамтиды.

Мемлекеттік инспекторлар, тракторға немесе оның тіркемесіне аккредиттелген сынақ зертханасымен берілген сынақ хаттамалары дәлел ретінде ұсынылатыны хабарланды.

Өз кезегінде өндіруші өндіріс процесінің тұрақты болуын және өндірілген тракторлар мен тіркемелердің сәйкестігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

ЕврАзЭқ аумағында қабылданып жатқан мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ауылшаруашылық техникасының өндірісі артып келетінін, өнімнің сапасы ауыл шаруашылық жерлерін сапалы өңдеу үшін қандай жабдықтар мен әдістер қолданғанына байланысты болатынын еске түсіреміз.