ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ҚР СТ«СӘЙКЕСТІКТІ БАҒАЛАУ. ЦЕМЕНТТІҢ СӘЙКЕСТІГІН РАСТАУ ТӘРТІБІ» ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТЫНЫҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ҚР СТ«СӘЙКЕСТІКТІ БАҒАЛАУ. ЦЕМЕНТТІҢ СӘЙКЕСТІГІН РАСТАУ ТӘРТІБІ» ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТЫНЫҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Техникалық  реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша  департаменті «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Қызылорда филиалының мамандарымен бірлесіп, Қызылорда облысының  құрылыс саласына қатысты кәспорындар мен ұйымдар, сәйкестікті растау органдары, аккредиттелген зертханалар және Қызылорда облысында цемет зауытын салушы «Компания Гежуба Шиели Цемент» ЖШС-і өкілдерінің қатысуымен ҚР СТ «Сәйкестікті бағалау. Цементтің сәйкестігін растау тәртібі» Ұлттық стандартының жобасын талқылауға»  арналған дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Дөңгелек үстел отырысын Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы – Әуелбек Қамзаев ашып, күн тәртібі бойынша ҚР СТ «Сәйкестікті бағалау. Цементтің сәйкестігін растау тәртібі» Ұлттық стандартын жасауға «Қазақстан цемент және бетон жасаушылар ассоциациясының»  2018 жылғы 10 сәуірдегі тапсырысы негіз болғандығын және стандарт цемент өнімінің  сәйкестікті растау процедуралары мен жұмыстарын жүргізудің Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 «Техникалық реттеу туралы» заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы №1202 «Нысандарға, құрылыс материалдарына  және өнімдеріне қойылатын қауіпсіздік талаптары туралы техникалық регламентін бекіту» туралы қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында өнімдерді сәйкестігін міндетті түрде  растау туралы» №367 қаулысына, 2008 жылғы 4 ақпандағы «Сәйкестікті растау процедуралары» техникалық регламентін бекіту туралы» №90 қаулылары талаптарына сәйкес жасалғандығын атады. Сонымен қатар, стандарт РФ ГОСТ Р 56836-2016 «Сәйкестікті бағалау. Цементті сертификаттаудың ережесі туралы» ұлттық стандарт талаптарын негізінде дайындалғандығы айтылды. Жоба бойынша цементтің міндетті түрде сертификаттаудың 4 принципіне тоқталды.

«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Қызылорда филиалының бас маманы Әсел Қалиева – ҚР СТ «Сәйкестікті бағалау. Цементтің сәйкестігін растау тәртібі» Ұлттық стандартының жобасын талқылау»   туралы дайындалған слайд көрсетіп, түсіндірді.

«Компания Гежуба Шиели Цемент» ЖШС-ің өкілдеріне зауытта шығарылатын цемент өнімін сертификаттаудың процедуралары жөнінде толық айтып берді.

Дөңгелек үстел отырысы қорытындысында қатысушылар арасында ұлттық стандарттың жобасы бойынша түскен ұсыныс-пікірлер бойынша  пікір алмасу болып, сұрақтарға жауаптар қайтарылды.

Қызылорда облысында ҚР СТ«Сәйкестікті бағалау. Цементтің сәйкестігін растау тәртібі» Ұлттық стандартының жобасы таныстырылды