БҰЙЫМДАРДА АТАУЛАРЫ МЕН СЫНАМАЛЫҚ ТАҢБАНЫҢ БОЛМАУЫ ЗАҢСЫЗ ДАЙЫНДАЛҒАН БҰЙЫМ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ

БҰЙЫМДАРДА АТАУЛАРЫ МЕН СЫНАМАЛЫҚ ТАҢБАНЫҢ БОЛМАУЫ ЗАҢСЫЗ ДАЙЫНДАЛҒАН БҰЙЫМ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ

Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды өткізушілермен кездесу өткізді.

Кездесуге «Шаған» СҮ ЖШС-де бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды өндірушілер мен өткізушілер қатысты.

Департамент мамандары Қазақстан Республикасының «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Заңының талаптарын түсіндірді, атап айтқанда, зергерлік бұйымдарда уәкілетті ұйымдардың кодтары бар «Барыс басы» белгісі мен Қазақстан «KZ» халықаралық аббревиатурасы бейнеленген Қазақстан Республикасының Бірыңғай сынамалы таңбасының, сондай-ақ осы бұйымды дайындаушының өзі келтіретін атаулы таңбасының болуы міндетті болып табылады.

Зергерлік және басқа да бұйымдарға ендірме ретінде қолданғанда, жапсырмаларда осы тас бағалы емес екендігі туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.

Бұйымдарда атаулардың және сынамалық таңбаның болмауы заңсыз дайындалған бұйымды сатып алу белгілерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 190-1-бабына сәйкес белгіленген талаптарды бұзғаны үшін бұзушылықтар анықталған жағдайда, атап айтқанда сынамалы таңба мен өндіруші атаушысының бедері жоқ зергерлік бұйымдарды өткізгені үшін 50-ден 150 АЕК-ке дейін жауапкершілік көзделген.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 297-1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына қымбат металдарды және бағалы металдар мен асыл тастардың зергерлік және басқа да бұйымдарын әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету 30-дан 1000 АЕК-ке дейін.

Көзделген шаралар зергерлік өнімдер нарығын ретке келтіреді және адал кәсіпкерлерді қолдауға мүмкіндік береді,сондай-ақ Қазақстан Республикасында зергерлік саланың дамуына ықпал етеді.

Кездесу қорытындысы бойынша нәтижелі пікір алмасып, қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.