АЛМАТЫДА ХАЛАЛ ӨНІМІ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

АЛМАТЫДА ХАЛАЛ ӨНІМІ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қалалық департаментінің алаңында халал өнімін өндіру саласына ұлттық стандарттарды әзірлеу мәселелері бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

Халал өнімін өндіру халықаралық нормативтік құжаттарының негізінде ұлттық стандарттарды әзірлеу үшін 2019 жылдың мемлекеттік стандарттар Жоспарына ұсыныстарды беру мақсатында Департамент басшысы халал өнімі бойынша жұмыс тобын құру туралы бұйрық шығарды.

Жұмыс тобына ТРМК Алматы қалалық департаментінің, «ҚазСтИн» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының, «ҚазМетрИн» РМК ОҚФ, "ҰАО» ЖШС Алматы қаласындағы өкілдігінің, «Халал» стандарттау бойынша 101 ТК, «Алматинское Бюро по сертификации»ЖШС, «Халал Даму» (ДУМК)ЖШС, «Халал кволити центр»ЖШС, «Казахстанский «СТАНДАРТ- ХАЛАЛ»ЖШС өкілдері кірді.

Кездесу барысында 2019 жылдың мемлекеттік стандарттар Жоспарына енгізу үшін халал өнімі бойынша негізгі стандарттардың тізбесі талқыланды.

Сонымен қатар, халал өнімін өндіру бойынша шетелдік, соның ішінде Ресейдің, Малайзияның, Түркияның, Қырғызстан мен Өзбекстанның стандарттарын талқылады.

Кездесу соңында жұмыс тобының қатысушылары Департаменттің мекен-жайына 2019 жылдың мемлекеттік стандарттар Жоспарына енгізу үшін стандарттар тізбесін жіберуді ұсынды.