
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті Комитеттің бағынысты ұйымдарымен бірлесе отырып, техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру мақсатында және күрделі мәселелерді анықтап оларды шешу жолдарына көмек көрсету мақстаныда АЭА қатысушысымен «Astana Ютария ltd» ӨИК» ЖШС кездесу өткізді.
Өндірістік инновациялық компания«Astana Ютария ltd» арнайы киім және басқа да тұрмыстық және техникалық бұйымдар шығаратын, сапалы және бәсекеге қабілетті өнімді шығаруға, сондай-ақ қазіргі заманғы тенденцияларды ескере отырып, ұлттық түс элементтерімен экологиялық таза шикізаттан өндіреді.
Компанияның өнімі «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР 017/2011 және «Жеке қорғаныш құралдарының қауіпсіздігі туралы» КО ТР 019/2011 сәйкес міндетті сертификаттауға жатады. Сертификаттау сынақтарды және сәйкестік сертификаттыберу аккредиттелген сынақ зертханалар мен сәйкестікті растау органдар жүргізеді.
Сондай-ақ, 2019 жылы компания меншікті сынақ зертханасын ашып, тапсырушылардың талаптарына сәйкес сынақтар жүргізуді жоспарлап отыр.
Сонымен қоса кәсіпорында сапа менеджмент жүйесі ISO 9001, экологиялық менеджмент жүйесі ISO 14001 және кәсіби қауіпсіздік пен деңсаулық жүйесі OHSAS 18001 енгізілген және сертификатталған.
Талқылау барысында Департаменнтің бөлім басшсы Ақмарал Қабулова Техникалық реттеу және метрология комитетінің қызметі отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін, қауіпсіздігін және сапасын жоғарылатуға бағытталғанын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпорын сұраған сұрақтарға халықаралық стандарттарға, өнімдердің сәйкестігіне, сондай-ақ өнімдерді каталогтандыру, өнімнің сәйкестігін растау процедуралары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және ЕАЭО аккредиттеу субъектілерінің деректер қорымен және ҚР ӨМЖ тізілімімен жұмыс жасау бойынша ұсыныстар берілді.