ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫ ТҮСІНДІРУІ ОТКІЗІЛДІ

ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫ ТҮСІНДІРУІ ОТКІЗІЛДІ

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент қызметкерлері 2019 жылдың 04-шілдесінде, «Дос Инжиниринг ЛТД» ЖШС-де дөңгелек үстел өткізді.

Бұл іс-шараның мақсаты техникалық реттеу, стандарттау және метрология саласындағы заңнаманы түсіндіру болды.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жетекші маманы Жадра Бектаева, техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнаманы, сонымен қатар ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің жаңа талаптарын түсіндіріп берді.

Аталған іс-шараның мақсаты кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу, стандарттау, метрология және аккредиттеу саласындағы заңнамасы шеңберінде қызықтыратын ақпараты түсіндіру болып табылады.