Ағымдағы жылдың 18 қыркүйекте техникалық реттеу және метрология Комитетінің ШҚО бойынша Департамент маманы Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шар қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы КМК медицина қызметкерімен мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында қолданылатын өлшеу құралдарын тексеру, сондай-ақ, міндетті метрологиялық аттестаттауға және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізіліміне тіркеуге жататын өлшеулерді орындау әдістемелерін қолдану тұрғысынан «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру мақсатында жұмыстық кездесу өткізді.
Алыс және жақын шетелдерден әкелінген өлшеу құралдарын пайдалануға және қолдануға, өлшеу құралдарының түрін бекіту рәсімін жүргізуге және ҚР МӨЖ тізіліміне енгізуге қатысты сұрақтар қозғалды.
Күрделі мәселелер талқыланды және де оларды шешуге көмек көрсетілді. Жұмыс кездесуі барысында келесі мәселелер қозғалды:
- мерзімді тексеру жүзеге асырылу мүмкін болмаған сақтаудан кейін өлшеу құралдарын тексеру қатысты;
- салыстырып тексеру өлшеу құралдарын қайта консервациялау кезінде өлшем құралдарын, сондай-ақ жиынтықта өлшеу құралдары қолданылатын бұйымдарды кезектен тыс тексеруге қатысты.
Карантин кезеңінде өлшеу құралдарын қолдануға қойылатын талаптар да нақтыланды.
Кездесу барысында туындаған барлық сұрақтарға департамент мамандары тарапынан толық жауап берілді.м