Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Міндеті: Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Функциялар:
өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін қалыптастыруға қатысады;
мемлекеттік органдармен бірлесіп өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік жүйені дамыту бағдарламаларын әзірлейді және өз құзыреті шегінде олардың орындалуын үйлестіреді;
Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметінің жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады;
метрология жөніндегі ғылыми-техникалық комиссияның жұмысын үйлестіреді;
өз құзыреті шегінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және келіседі;
зертханааралық салыстырмалы сынақтар (салыстыру) бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді);
шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын бекітуге жібереді;
шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын, шама бірліктерінің эталондарын жасау, бекіту, сақтау, қолдану және салыстыру қағидаларын әзірлейді, Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің эталондық базасын жетілдіреді;
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарының сыныптамасын белгілейді;
өлшеу құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне, өлшеу құралдарын тексеру әдістемелеріне қойылатын жалпы метрологиялық талаптарды айқындайды;
өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау мен қайта аттестаттау жүргізу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау тәртібін әзірлейді және ұйымдастырады;
салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану тәртібін белгілейді;
Басқарма құзыреті шегінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы іс-шаралар бойынша 2019 жылға арналған 061 "Техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметтер" бюджеттік бағдарламасын орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу.
Міндеті: Қазақстан Республикасында техникалық реттеу, сәйкестікті бағалау, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік қызметтер көрсету және рұқсат құжаттарын беру.
Функциялар:
Мемлекеттік қызмет көрсету және рұқсат құжаттарын беру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады;
көрсетілген мемлекеттік қызметтер мен рұқсат беру құжаттарына мониторинг жүргізеді;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру бөлігінде "Е-лицензиялау "Мемлекеттік Деректер қоры" ақпараттық жүйесі бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын техникалық талаптардың ерекшеліктерін әзірлейді;
көрсетілген мемлекеттік қызметтер және рұқсат беру рәсімі бойынша есептерді ұсынады;
мемлекеттік қызметтер көрсету және рұқсат құжаттарын беру мәселелері жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді жүзеге асырады;
сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатын беруді жүзеге асырады;
өлшем құралдарының типін бекітуді тану туралы сертификат беруді жүзеге асырады;
шетелдік шығарылымның стандартты үлгісін қолдануға куәлік беруді жүзеге асырады;
мемлекеттік стандарттық үлгіні бекітуді жүзеге асырады;
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем жүйесінің тізілімінде тіркеуді жүзеге асырады;
өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беруді жүзеге асырады;
мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің қызметін жүзеге асыру жөніндегі нормативтік құжаттарды келісуді жүзеге асырады;
Басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді қабылдау жұмыстарын әзірлейді және ұйымдастырады;
қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңес береді және әдістемелік көмек көрсетеді.
Міндеті: Басқарманың құзыреті шегіндегі өзге де мәселелер.
комитет басшылығы үшін Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттар, ұсыныстар, анықтамалар дайындауды жүзеге асырады;
семинарлар, кеңестер өткізуді ұйымдастыруға, сондай-ақ мамандарды даярлауға, оқытуға және біліктілігін арттыруға қатысады;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;
Комитет қызметінің ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысады;
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады;
құқықтық актілердің және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамаға ұсыныстар әзірлеуге қатысады.
Құқықтары мен міндеттері:
Қойылған міндеттер мен жүктелген функцияларды орындау үшін басқарма Комитет басшылығымен келісім бойынша құқылы:
Мемлекеттік органдардың, Комитет басқармаларының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мамандарын тарту;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық атқарушы органдармен, қоғамдық ұйымдармен және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілермен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау;
Басқарманың құзыреті шегінде Комитеттің жеке қолданылатын құқықтық актілерінің орындалуын бақылау;
Басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінен ведомстволық бағынысты ұйымдардан қажетті сапалы материалдар мен құжаттарды сұрату;
Комитет басшылығына басқарма жұмысын жетілдіру, оның қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу;
мемлекеттік органдар мен мекемелерде, сондай-ақ барлық меншік нысанындағы басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерде Комитеттің мүдделерін білдіру;
заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де НҚА-на сәйкес оның міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.