Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – Комитет), 010000 индексі, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғ. 11, анықтама телефондары 75-05-36, 75-05-39 электрондық пошта: d.utegenova@mti.gov.kz, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:
«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-ның Бас директор - 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері:
Қамтамасыз ету қажеттілігі:
- Байқау кеңесі бекіткен серіктестіктің шаруашылық қызметін дамытудың перспективалық және стратегиялық жоспарларына, оның ішінде жоспарлы көрсеткіштерге сәйкес серіктестіктің қаржы-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді шешу;
- серіктестікке бекітілген мүлікті тиімді және мақсатты пайдалану, сақталуы;
- мемлекеттік тапсырысты орындау;
- базалық кезең деңгейімен салыстырғанда тауарлар (қызметтер) өндірісінің көлемін кеңейту;
- басқа ұйымдармен немесе басқа заңды тұлғалармен шарттар жасасу, мәмілелер, операциялар жасау, өкімдер, бұйрықтар шығарады;
- серіктестіктің таза табысының тиісті бөлігін немесе серіктестік сметадан тыс алған кірістерді мемлекеттік бюджет кірісіне аудару;
- банктерді қоса алғанда, серіктестіктің мемлекеттік бюджет, жинақтаушы зейнетақы және сақтандыру қорлары, жеткізушілер, тапсырыс берушілер және кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындауы, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарын (келісім-шарттарды), индикативтік жоспарлар мен бизнес-жоспарлар көрсеткіштерін орындау;
- техникалық қайта қаруландыру, серіктестікті қайта жаңарту (қажет болған жағдайда);
- Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау, серіктестікті басқаруды жетілдіру үшін құқықтық құралдарды белсенді пайдалану, шарттық тәртіпті, серіктестіктің қаржы-экономикалық жағдайын нығайту;
- Бақылау кеңесіне қаржы-шаруашылық қызметі туралы мәліметтер ұсыну;
- тиісті қаржыландыру шарты кезінде серіктестіктің стратегиялық даму жоспарының мақсаттары мен міндеттеріне өз құзыреті шегінде қол жеткізу;
- белгіленген рейтингтік бағалауға сәйкес келу және серіктестіктің құзыреті шегінде Комитеттің Стратегиялық және Операциялық жоспарларының индикаторларын орындау;
- жұмылдыру тапсырмасы бар болса, жұмылдыру бағдарламасын орындау;
- еңбек шартын бұзу кезінде тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау-беру жүргізу;
- мүлікті тиімді және мақсатты пайдалану, сақтау;
- барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру және тиімді өзара іс-қимыл жасау, олардың қызметін әлеуметтік және нарықтық басымдықтарды ескере отырып, жаңа енгізілімдерге және нарықтық жағдайдың өзгеруіне жылдам ден қоятын тауарлар мен қызметтердің икемді және ұтқыр өндірісін дамыту мен жетілдіруге бағыттайды;
- серіктестікті білікті қадрламен қамтамасыз ету, тиімді пайдалану және кәсіби білімдері мен тәжірибелерін дамыту, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнама талаптарын сақтау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру. Басшылықтың экономикалық және әкімшілік әдістерінің үйлесуін, өндірістік және өзге де мәселелерді, өндірістің тиімділігін арттырудың материалдық және моральдық ынталандыруларын талқылау мен шешуді қамтамасыз етеді. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасауды және орындауды, еңбек және өндірістік тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамашылығы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді;
- сот, құқық қорғау, мемлекеттік органдар мен бөгде ұйымдарда серіктестіктің мүліктік және заңды мүдделерін қорғау және білдіру;
- серіктестік қызметінде және оның шаруашылық-экономикалық байланыстарын жүзеге асыруда заңдылықты сақтау, қаржылық басқару және нарықтық жағдайларда жұмыс істеу үшін құқықтық құралдарды пайдалану, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, кәсіпкерлік қызметтің ауқымын қолдау және кеңейту мақсатында серіктестіктің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету.
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдау.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Практикалық тәжірибесі: Нақты лауазымның тиісті функционалдық бағытында жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде техникалық реттеу саласында басшы лауазымда үш жылдан кем емес.
Білімі: Жоғары білім: инженерлік-техникалық және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша), машина жасау, жабдық, аспап жасау) немесе құқық (юриспруденция, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы).
Мүмкіндігінше ғылыми дәрежесі немесе «Іскерлік әкімшілік ету магистрі» дәрежесі немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімі болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін реттейтін мемлекеттік органдардың актілері, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Еңбек, Кәсіпкерлік және бюджеттік кодекстерін, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», «Техникалық реттеу туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», шаруашылық және қаржылық шарттарды жасасу және орындау тәртібі, ұйымның экономикасы мен қаржысын басқару, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, салалық келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеу және жасасу және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу тәртібін білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген нысан бойынша түйіндеме;
3) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
4) "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
5) "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
6) Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
7) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімінде №11304 тіркелген) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
11) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Комитеттің кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы немесе электрондық түрде электрондық пошта: d.utegenova@mti.gov.kz мекенжайына құжаттарды 2020 жылғы 07 қарашадан 16 қарашаға дейінгі мерзімде ұсынады.
Құжаттарды электрондық түрде Кадр қызметінің электрондық поштасының мекенжайына ұсынған кезде олардың түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері кандидаттармен сұхбаттасу басталғанға дейін 3 (үш) сағаттан кешіктірмей ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда Кадр қызметі кандидаттарды сұхбаттасуға жібермейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі Комитеттің web-сайтында және Серіктестіктің web-сайтында орналастырылады.
Конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны 2020 жылғы 19 қарашада сағат 15:30-де Комитетте өтеді.