Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінде (бұдан әрі - Комитет), 010000, Нұр-Сұлтан қ. Мәңгілік ел даңғылы, 11-үй, анықтама телефоны 75-05-36, 7077303042, электрондық пошта: darhan2004@mail.ru, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды - 1 бірлік, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 11-үй, мекенжайы бойынша орналасқан, телефоны 28-29-99. Кәсіпорнының негізгі қызметі техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында және стандарттау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру.

 Функционалдық міндеттері:

 Қамтамасыз ету қажеттілігі:

 Мемлекеттік басқару органы бекіткен кәсіпорынның шаруашылық қызметінің ағымдағы, перспективалық және стратегиялық жоспарларына, оның ішінде жоспарлы көрсеткіштеріне сәйкес кәсіпорынның тиімді және тұрақты жұмыс істеуі;

 кәсіпорынға бекітілген мүлікті тиімді және мақсатты пайдалану, сақтау;

 Мемлекеттік басқару органы жеткізетін мемлекеттік тапсырысты орындау;

 базалық кезең деңгейімен салыстырғанда тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) өндіру көлемін кеңейту;

 салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді (оның ішінде зейнетақы қорларын), сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын уақтылы төлеу;

 шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынның таза табысының тиісті бөлігін немесе кәсіпорынның сметадан тыс алған кірісін мемлекеттік бюджет кірісіне аудару;

 кәсіпорынның шарттық міндеттерін орындау;

 кәсіпорынды техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау (қажет болған жағдайда);

 Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау, кәсіпорынды басқаруды жетілдіру үшін құқықтық құралдарды белсенді пайдалану, шарттық тәртіпті, кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын нығайту;

 экологиялық талаптарды сақтау (қажет болған жағдайда);

 Мемлекеттік басқару органына қаржы-шаруашылық есептілік туралы мәліметтерді ұсыну;

 тиісті қаржыландыру жағдайында өз құзыреті шегінде Мемлекеттік кәсіпорынның стратегиялық даму жоспарының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу;

 мемлекеттік кәсіпорынның құзыреті шегінде Комитеттің стратегиялық және операциялық жоспарларының белгіленген рейтингтік бағасына сәйкестігі және индикаторларының орындалуы;

 жұмылдыру тапсырмасы болса, жұмылдыру бағдарламасын орындау; 

 еңбек шартын бұзу кезінде тауар-материалдық құндылықтарды қабылдау-беруді жүргізу;

 мүлікті тиімді және мақсатты пайдалану, сақтау;

 сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдау.

 

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 Практикалық тәжірибе: Басшылық лауазымдардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы.

 Білімі: Жоғары білім: техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша), материалтану және жаңа материалдар технологиясы, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша), машина жасау, аспап жасау) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы).

 Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілерін және ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін мемлекеттік органдардың актілерін білу, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Еңбек, Кәсіпкерлік және Бюджет кодекстерін, «Техникалық реттеу туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Стандарттау туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан – 2050» стратегиясын білу: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, шаруашылық және қаржылық шарттарды жасасу және орындау тәртібі, ұйымның экономикасы мен қаржысын басқару, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, салалық келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеу және жасасу және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу тәртібі.

 

 Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар конкурстық іріктеуге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

      3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

      4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек кітапшасының (ол болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардың көшірмелері;

       6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

      Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.

 

 Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Комитеттің кадр қызметіне құжаттарды пошта арқылы немесе электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде: darhan2004@mail.ru                                   2020 жылғы 8 қазаннан бастап 22 қазанды қоса алғандағы мерзімде ұсынады.

 

Сұхбаттасуға жіберілген кандидаттардың тізімі Комитеттің интернет-ресурсында орналастырылады (ktrm.mti.gov.kz). Сұхбаттасу 2020 жылғы 29 қазанда сағат 11:00-де қашықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі, бұл туралы кандидаттарға қосымша хабарланады. 

Дата публикации
08 октября 2020
Дата обновления
08 октября 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Бағыттар
14 октября 2026
техникалы реттеу
Хабарлама
09 января 2025
Конкурстық іріктеуді өткізу туралы хабарландыру
Ақпарат
08 января 2025
Техникалық реттеу саласындағы қорытындылар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы