Меню

Страницы

Статья

Конкурстық іріктеуді өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – Комитет), мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, анықтама телефоны: 75-06-78, 87077303042, электрондық поштасы: sа.seitkanova@mti.gov.kz, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (мекенжайы: 010000, Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8, телефондары: 79-59-00, 79-59-21) бас директоры – 1 бірлік бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Практикалық тәжірибе: техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштеріне сәйкес кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша), азық-түлік өнімдерінің технологиясы, қайта өңдеу өндірістерінің (салалар бойынша) технологиясы) немесе құқық (құқықтану).

Білуі: мемлекеттік кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Еңбек, Кәсіпкерлік және Бюджет кодекстерін, «Техникалық реттеу туралы», «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Стандарттау туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, шаруашылық және қаржы шарттарын жасасу және орындау тәртібін, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды, салалық келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеу мен жасасу және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу тәртібін білу.

Функционалдық міндеттері:

Мыналарды қамтамасыз ету қажеттілігі:

кәсіпорынның шаруашылық қызметінің бекітілген ағымдағы, перспективалық және стратегиялық жоспарларына, оның ішінде жоспарлы көрсеткіштеріне сәйкес кәсіпорынның тиімді және тұрақты жұмысын;

кәсіпорынға бекітілген мүлікті тиімді және нысаналы пайдалануды, оны сақтауды;

уәкілетті орган жеткізетін мемлекеттік тапсырыстың орындалуын;

салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді (оның ішінде зейнетақы қорларын), сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын уақтылы төлеуді;

шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынның таза табысының тиісті бөлігін немесе кәсіпорын сметадан тыс алған кірістерді мемлекеттік бюджет кірісіне аударуды;

кәсіпорынның шарттық міндеттемелерінің орындалуын;

Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды, кәсіпорынды басқаруды жетілдіру үшін құқықтық құралдарды белсенді пайдалануды, шарттық тәртіпті, кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын нығайтуды;

тиісті саланың уәкілетті органына қаржы-шаруашылық есептілігі туралы мәліметтерді ұсынуды.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

      3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;

      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды)» № 075/у нысаны бойынша анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелерін, ғылыми жарияланымдарды, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдарын) ұсына алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды 2025 жылғы 9 қаңтардан бастап 2025 жылғы 23 қаңтарды қоса алғанда 15 күнтізбелік күн ішінде sа.seitkanova@mti.gov.kz электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде ұсынады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі Комитеттің https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm?lang=ru интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

Әңгімелесудің өткізілетін күні: 2025 жылғы 31 қаңтар, өткізілетін орны: қашықтан бейнебайланыс құралдары арқылы, бұл туралы үміткерлерге қосымша хабарланатын болады. 

Дата публикации
09 января 2025
Дата обновления
09 января 2025
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Бағыттар
14 октября 2026
техникалы реттеу
Хабарлама
09 января 2025
Конкурстық іріктеуді өткізу туралы хабарландыру
Ақпарат
08 января 2025
Техникалық реттеу саласындағы қорытындылар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы