Меню

Страницы

Статья

Конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті «Ұлттық аккредиттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Ұлттық аккредиттеу орталығы аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы қызметті жүзеге асырады. Орталықтың негізгі міндеті Қазақстан Республикасында аккредиттеудің жоғары стандарттарын қамтамасыз ету болып табылады.

Бас директордың лауазымы аккредиттеу және басқару саласында тиісті білімі мен тәжірибесі бар құзыретті мамандар үшін ашық. Мекен-жайы: 01000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын электронды түрде s.seitkanova@mti.gov.kz  электрондық почта мекенжайына, 15 күнтізбелік күн ішінде 2024 жылғы 4 қазаннан бастап, 18 қазанды қоса алғанға дейін  тапсырады.

Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: 98-37-08, 98-37-01 немесе сұрақтарды s.seitkanova@mti.gov.kz электрондық поштасына жолдауға болады.

Сұхбаттасуға жіберілген кандидаттардың тізімі Комитеттің https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm?lang=ru интернет-ресурсында орналасатын болады.

Сұхбаттасу өткізу күні 2024 жылғы 28 қазан, өткізу орны: қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы, бұл туралы кандидаттарға қосымша хабарланады. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Практикалық тәжірибесі: Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес, мамандығы бойынша кәсіпорынның бейініне сәйкес келетін басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша), материалтану және жаңа материалдар технологиясы, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша), машина жасау, аспап жасау) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы).

Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілерін және ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін мемлекеттік органдардың актілерін білу, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Еңбек, Кәсіпкерлік және Бюджет кодекстерін, Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы", "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы", "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы", "Стандарттау туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңдарын, "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, шаруашылық және қаржы шарттарын жасасу және орындау тәртібін, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, салалық келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеу мен жасасуды және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу тәртібін білу.

Функционалдық міндеттері:

Мыналарды қамтамасыз ету қажет:

кәсіпорынның шаруашылық қызметінің бекітілген ағымдағы, перспективалық және стратегиялық жоспарларына, оның ішінде жоспарлы көрсеткіштеріне сәйкес кәсіпорынның тиімді және тұрақты жұмыс істеуі;

кәсіпорынға бекітілген мүлікті тиімді және мақсатты пайдалану, сақтау;

уәкілетті орган жеткізетін мемлекеттік тапсырысты орындау;

салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді (оның ішінде зейнетақы қорларын), сондай-ақ кәсіпорын жұмыскерлерінің жалақысын уақтылы төлеу;

шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынның таза табысының тиісті бөлігін немесе кәсіпорынның сметадан тыс алған кірісін мемлекеттік бюджет кірісіне аудару;

кәсіпорынның шарттық міндеттемелерін орындау;

Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау, кәсіпорынды басқаруды жетілдіру үшін құқықтық құралдарды белсенді пайдалану, шарттық тәртіпті, кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын нығайту;

тиісті саланың уәкілетті органына қаржы-шаруашылық есептілік туралы мәліметтерді ұсыну.

 

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар конкурстық іріктеуге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

      3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген, еңбек қызметін растайтын құжаттар;

     5) «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды)» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 ж ылғы 30 қ азандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 075/у нысаны бойынша анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орны басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.

Дата публикации
04 октября 2024
Дата обновления
04 октября 2024
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Бағыттар
14 октября 2026
техникалы реттеу
Хабарлама
09 января 2025
Конкурстық іріктеуді өткізу туралы хабарландыру
Ақпарат
08 января 2025
Техникалық реттеу саласындағы қорытындылар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы