Ағымдағы жылғы 27 маусымда Техникалық реттеу және метрология саласындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңес салалық мемлекеттік органның, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, кәсіптік біліктіліктер жөніндегі Ұлттық органның, білім беру ұйымдарының, салалық бірлестіктердің (қауымдастықтардың, одақтардың, ӨРҰ), аккредиттеу субъектілерінің (жұмыс берушілердің) өкілдерінен көпшілік дауыспен өзектендірілген «Техникалық реттеу, стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы қызмет» салалық біліктілік шеңбері қабылданды.
СБШ саладағы барлық кәсіптерді, лауазымдарды, біліктіліктерді, атақтарды қамти отырып, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және «enbek-career» порталында орналастырылды.