Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - Комитет), 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, 1-кіреберіс, анықтама телефоны: 75-06-78, 87077303042, электрондық поштасы: s.seitkanova@mti.gov.kz, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды - 1 бірлік, мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогы, 9-қабат, телефондары 8(7172) 98-37-01, 98-37-08. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аясындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Практикалық тәжірибесі: мамандығы бойынша кәсіпорынның бейініне сәйкес келетін басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша), материалтану және жаңа материалдар технологиясы, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша), машина жасау, аспап жасау) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы).
Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілерін және ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін мемлекеттік органдардың актілерін білу, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Еңбек, Кәсіпкерлік және Бюджет кодекстерін, «Техникалық реттеу туралы», «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Стандарттау туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, шаруашылық және қаржы шарттарын жасасу және орындау тәртібі, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, салалық келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеу және жасасу және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу тәртібін білу.
Функционалдық міндеттері:
Мыналарды қамтамасыз ету қажет:
кәсіпорынның шаруашылық қызметінің бекітілген ағымдағы, перспективалық және стратегиялық жоспарларына, оның ішінде жоспарлы көрсеткіштеріне сәйкес кәсіпорынның тиімді және тұрақты жұмыс істеуі;
кәсіпорынға бекітілген мүлікті тиімді және мақсатты пайдалану, сақтау;
уәкілетті орган жеткізетін мемлекеттік тапсырысты орындау;
салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді (оның ішінде зейнетақы қорларын), сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын уақтылы төлеу;
шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынның таза табысының тиісті бөлігін немесе кәсіпорынның сметадан тыс алған кірісін мемлекеттік бюджет кірісіне аудару;
кәсіпорынның шарттық міндеттемелерін орындау;
Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау, кәсіпорынды басқаруды жетілдіру үшін құқықтық құралдарды белсенді пайдалану, шарттық тәртіпті, кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын нығайту;
тиісті саланың уәкілетті органына қаржы-шаруашылық есептілігі туралы мәліметтерді ұсыну.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар конкурстық іріктеуге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген, еңбек қызметін растайтын құжаттар;
5) «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды)» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 075/у нысаны бойынша анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орны басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын электронды түрде s.seitkanova@mti.gov.kz электрондық пошта мекенжайына 2023 жылғы 27 наурыздан бастап 10 сәуірді қоса алғанда мерзімде тапсырады.
Сұхбаттасуға жіберілген кандидаттардың тізімі Комитеттің https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm?lang=ru интернет-ресурсында орналасатын болады.
Сұхбаттасу өткізу күні 2023 жылғы 18 сәуір, өткізу орны: қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы, бұл туралы кандидаттарға қосымша хабарланады.