Қазақстанда Халал саласын дамыту туралы мақалалар сериясын жалғастырамыз.
Еске түсірсек, шамамен 8-10 жыл бұрын, Халал таңбасы тек ет өнімдерінде болған. Бұл шұжық өнімдері мен шұжықтар. Енді біз оны басқа өнімдерден құс еті, тауық еті, филе, сонымен қатар тауық жұмыртқасы, сүт өнімдері, макарон өнімдері, жарма және басқа да көптеген өнімдерден көре аламыз. Кафелер мен мейрамханалардың кіре берістерінде, атауларының қасында көруге болады.
Қазақстандағы жағдайға сүйене отырып, өндірушілердің және сол өндірушілерге, қызмет көрсетушілерге куәліктер мен Халал сертификаттарын беретін ұйымдардың жауапкершілігі жоқтығын көріге болады. Яғни, Халал талаптарына сәйкес келмейтін өнім табылған жағдайда аталған ұйымдардың ешқайсысы жауапқа тартылмайды. Өйткені, жауапкершілікке тарту нормалары жоқ, сонымен қатар, барлығы Халал сертификаттауы ерікті екенін айтады.
Халал саласының өзін-өзі реттеуге өте ұзақ уақыты болды. Ұлттық деңгейде барлық қажетті стандарттарды әзірлеуге, сертификаттауды жоғары әлемдік деңгейге көтеруге, аккредиттелген сертификаттауға қол жеткізуге және халал өндірісіне қойылатын нормалар мен талаптарды белгілеуде көшбасшы болуға анағұрлым мүмкіндігі болды. Алайда, қазіргідей тәртіпте жұмыс істеу нарықтың көптеген қатысушыларына өте тиімді және ыңғайлы болып тұрғаны ма.
Ойланып қараңыздаршы, қаншалықты жақсы екенін, ұйым стандарттарында қойылған талаптарды бұзған жағдайда, ешкім аккредиттеуді, сертификаттауды қайтарып алмайды, өндірісті тоқтатпайды.
Алайда, ең маңызды мәселе ол - тұтынушылардың мүдделері. Біраз ол туралы ешкім көп ойланбайды.
Жақында біз әртүрлі тараптардың, кәсіпкерлер палатасының, тұтынушылардың құқықтарын қорғау коалициясының, қауымдастықтың қатысуымен ерікті сертификаттауды ілгерілетуге қатысты үлкен кеңес өткіздік. Нақтылап айтқанда оның заңнамалық реттеу бөлігінде ілгерілетілуінде.
Көпшілік ерікті сертификаттауды, мемлекеттің өндірісті сертификаттау процесіне, өндірістің өзіне және сертификаттау мен аккредиттеуден өту міндеттілігі бойынша жұмыстарына араласпауы керек деп түсінеді. Неліктен? Себебі ең бастапқысынан "ерікті" сөзі көпшілікпен осылай қабылданды. Себебі "міндетті сертификаттау" заңнамалық деңгейде, техникалық регламенттермен реттелсе, ерікті сертфиикация керісінше ешкіммен реттелмеуі керек деп түсінілді.
Мүмкіндікті пайдалана отырып, Халал мысалында, ерікті сертификаттау деген не екенін түсіндіріп кетуді жөн көріп отырмын!
Жүргізуші куәлігімен мысал келтірейік.
Бізді жүргізуші куәлігін алуға ешкім мәжбүрлемейді ғой? Дұрыс па?
Адамдар қоғамдық көлікпен еш кедергісіз жүре алады. Жүргізуші куәлігісіз көлік жүргізу мүмкін емес. Сол себепті адам жүргізуші куәлігін алуды немесе алмауды өзі шешеді. Бірақ оны алғаннан кейін ол заңнамалық деңгейде жол қозғалысы ережелерін сақтауға жауапты бола бастайды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің ғана емес, қылмыстық кодексінің де объектісіне айналады. Оларды бұзған жағдайжа айыппұл салынуы немесе одан бетер бас бостандығынан айыруға дейін шешім қабылдануы мүмкін.
Бүгінгі таңда тамақ өнімдерінде, сол шұжық өнімдерінде техникалық регламенттерде белгіленген декларациялау бойынша міндетті талаптар бар. Шұжық өнімдері осы құжаттардың талаптарына сәйкес рәсімнен өтеді. Алайда, өндіруші шығарып жатқан өнімдерін қосымша Халал белгісімен белгілегісі келеді. Міне осы жағдайда, біз ерікті ұғымымен бетпе-бет келеміз. Өндірушінің өзі, өз еркімен қосымша талаптарға сай болу мақсатында Халал талаптарын орындау міндеттемелерін өз еркімен қабылдайды. Яғни, өндіруші сертификатталған уақыттан бастан Халал стандарттардың, оның еріктілігіне қарамастан талаптарын орындау міндетті болып шығады. Бұл талаптарды бұзу заңнамалық жауапкершілікке тартылуы керек. Алайда, ерікті сертификаттау саласында мен жоғарыда айтып кеткендей «ерікті» – бұл ешкім бақыламауы керек деген түсінік әлі де бар.
Бұл түсінік өз артынан тұтынушылардың құқықтарын бұзуға алып келеді. Өйткені, барлығы өнімді Халал белгісімен таңбалау, сертификаттаудың болуы бүгінгі күні тек маркетингтік қадамға айналғанын түсінеді.
Егер, қазір Халал сертификаты бар барлық ұйымдарды аралап шықса, шамамен олардың 40-50% ғана сәйкестігін дәлелдей алады деп мәлімдеуге болады. Ал қалғандары Халал туралы айтпай ақ, өздерінің жалпы негізгі санитарлық нормаларға сәйкестігін де көрсете алмайды.
Бірақ, халал нарығының мүмкіндіктерін ескерген жөн.
Халал өнімдерінің тұтынушылары Ислам дінінің барлық талаптарын орындайтын және ұстанатын мұсылмандар ғана деп саналды.
Алайда, іс жүзінде олай емес.
Халал мәселесі мұсылмандарды ғана емес, мұсылман емес халықты да қызықтырады. Өйткені, дұрыс әзірленген Халал жүйесі тұтынушы үшін өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Айтарлықтай, санитарлық нормалар, қауіпсіздік және сапа нормалары бойынша барлық базалық талаптарды, Халал талаптарын тиісінше орындау, сонымен қатар барлық затқа ұқыпты қарау.
Қазақстан Республикасында аккредиттелген Халал сертификаттау жүйесін дұрыс құра отырып, біз келесі мақсаттарды іске асыруға қол жеткізе аламыз:
Біздің "Аккредиттелген Халал сертификаттаудың түзілген жүйесі – Қазақстанда Халал секторының дамуының негізі" мақалалар сериясының соңында, ең бастысы, Халал өнімдерін өндірушілерді жоғары сапа талаптарына сәйкес өнім шығаруға итермелейтін үлкен қозғаушы күш тұтынушы болып табылатынын айтқым келеді.
ТҰТЫНУШЫ, өндіруші ұсынған тауарға өз талаптарын қоймағанша, өндіруші осы өнімді шығаруды тоқтатпайды.
Бірақ осыған қарамастан, елді сапалы өніммен қамтамасыз ету жауапкершілігі қалай болса да мемлекетке қалады. Мемлекет адамдардың өнімнің сертификатталған ба, қауіпсіз бе, сапасы сәйкес пе жоқ па? деген сұраққа алаңдамауын қамтамасыз ету мақсатында өнімнің қауіпсіздік жүйесін жаһандық жоғары деңгейде қамтамасыз ету керек.