"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің Ережесі"
Департаментте Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Жезқазған бөлімі және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Жезқазған бөлімінің Балқаш бөлімшесі бар.
мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – Республиканское государственное учреждение «Департамент Комитета технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан по Карагандинской области».
1) мемлекеттiк метрологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;
2) тамақ өнімі қауіпсіздігінің саласын қоспағанда, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру.
4) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
5) өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін оның нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкес келетіні немесе сәйкес келмейтіні туралы шешім қабылданып, тексерілетін тұлғаға бару мүмкіндігі арқылы бақылаудың өзге нысаны тәртібімен рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру;
6) лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгеннен кейін (қызметті жүзеге асыру процесінде) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын рұқсаттық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер арқылы жүзеге асыру;
7) Техникалық реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен техникалық регламенттерді әзірлеу бойынша сараптамалық кеңестермен өзара іс-қимыл;
8) өнімнің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде консультативтік-кеңесші органдар құру жөнінде ұсыныстар дайындау;
9) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу.
1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпарат пен материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратады және алады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
1) өз орынбасарларының және Департаменттің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерін міндеттерінің мен жауапкершілігін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз орынбасарларын қоспағанда Департамент қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады;
3) өз орынбасарларын қоспағанда, Департамент қызметкерлерін тәртіптік жазаға тартады және көтермелеу шараларын қолданады;
4) басқа мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Департаменттің мүддесін білдіреді;
5) Департаменттің бұйрықтарына қол қояды;
6) Департаменттің жұмыс жоспарын бекітеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама талаптарының сақталуына дербес жауапты болады;
8) бару арқылы профилактикалық бақылау тізімін қалыптастыру үшін дербес жауапты болады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.