- Жалпы ережелер
- «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.
- Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Департамент мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi бар.
- Департамент, егер осыған уәкiлеттiк берілген болса, өз атынан және Комитеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
- Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Департамент басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- Аумақтық бөлімшенің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрілігінің жауапты хатшысы бекітеді.
- Департаменттің толық атауы:
мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – Республиканское государственное учреждение «Департамент Комитета технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан по городу Алматы».
- Департаменттің орналасқан орны: 050040, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 2.
- Департаменттің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан мемлекет болып табылады.
- Департамент қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
- Егер Департаментке заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
- Департаментке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
- Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
- Департаменттің міндеті мемлекеттік саясатты іске асыру және техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу салаларында және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
- Департаменттің функциялары:
1) мемлекеттiк метрологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;
2) тамақ өнімі қауіпсіздігінің саласын қоспағанда, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру.
4) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
5) өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін оның нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкес келетіні немесе сәйкес келмейтіні туралы шешім қабылданып, тексерілетін тұлғаға бару мүмкіндігі арқылы бақылаудың өзге нысаны тәртібімен рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру;
6) лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгеннен кейін (қызметті жүзеге асыру процесінде) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын рұқсаттық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер арқылы жүзеге асыру;
7) Техникалық реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен техникалық регламенттерді әзірлеу бойынша сараптамалық кеңестермен өзара іс-қимыл;
8) өнімнің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде консультативтік-кеңесші органдар құру жөнінде ұсыныстар дайындау;
9) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу.
- Департаменттің құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпарат пен материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратады және алады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
- Департаменттің қызметiн ұйымдастыру
- Департаментті Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Жауапты хатшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.
- Департамент басшысына демалыс беру, материалдық көмек көрсету, дайындау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстеме ақы және сыйақы төлеу мәселелері Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Жауапты хатшысының бұйрығымен ресімделеді.
- Басшының Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасарлары болады.
- Басшы Департаменттің жұмысын ұйымдастырады және оған жетекшілік етеді және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
- Осы мақсаттарда Басшы:
1) өз орынбасарларының және Департаменттің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз орынбасарларын қоспағанда Департамент қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады;
3) өз орынбасарларын қоспағанда Департамент қызметкерлерін, тәртіптік жазаға тартады және көтермелеу шараларын қолданады;
4) басқа мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Департамент мүддесін білдіреді;
5) Департаменттің бұйрықтарына қол қояды;
6) Департаменттің жұмыс жоспарын бекітеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама талаптарының сақталуына дербес жауапты болады;
8) бару арқылы профилактикалық бақылау тізімін қалыптастыру үшін жеке жауап береді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Департаменттің мүлкі
- Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
- Департаментке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
- Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департамент өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығармайды немесе өзге тәсiлмен иелік етпейді.
- Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
- Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.