«Ұлттық аккредиттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бас директорының бос лауазымына кандидаттарды конкурстық іріктеу қағидаларын бекіту туралы

    

№ 389-од от 06.11.2020

           БҰЙРЫҚ                                                                                           ПРИКАЗ

20____ж. «____»__________                                   

 Астана қаласы                                                                                                                                     город Астана

                          «Ұлттық аккредиттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бас директорының бос лауазымына кандидаттарды конкурстық іріктеу қағидаларын бекіту туралы 

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 21-бабына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2019 жылғы 12 маусымдағы № 243-НҚ бұйрығымен бекітілген «Ұлттық аккредиттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жарғысының 39-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған «Ұлттық аккредиттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бас директорының бос лауазымына кандидаттарды конкурстық іріктеу қағидалары бекітілсін.
  2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Басқармасының Төрағасы мен мүшелерінің бос лауазымдарына кандидаттарды конкурстық іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2019 жылғы 1 ақпандағы №34-од бұйрығының күші жойылсын.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

         Төрағаның

міндетін атқарушы                                                          Ғ-Б. Мейірбаева

 

Дата публикации
18 ноября 2020