Қазақстан Республикасы техникалық регламентінің
жобаны жария талқылауды аяқтау туралы
ХАБАРЛАМА
|
1. Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасының атауы |
«Спорттық жабдықтар мен спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру мүкәммалына қойылатын қауіпсіздік талаптары» техникалық регламентін бекіту туралы |
|
2. Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі |
|
3. Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасының техникалық реттеу объектісі |
Техникалық регламенттің ережелері Спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру жабдықтары мен мүкәммалын өндіруге, өткізуге, тасымалдауға, сақтауға, кәдеге жаратуға қатысатын барлық жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қолданылады |
|
4. Техникалық регламенттің жобасын әзірлеуді, Техникалық регламенттің өзгерістерін және (немесе) толықтыруларын немесе күшін жоюды аяқтаудың болжамды күні |
2025 жылғы 15 тамыз |
|
5. Техникалық регламент, техникалық регламентті өзгерту және (немесе) толықтыру немесе күшін жою жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстарды (пікірлерді) жіберу үшін пошта мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта адресі |
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй «Министрліктер Үйі» ғимараты, №15 кіреберіс Тел.: 8 (7172) 74-13-90 E-mail: d.muzarap@tsm.gov.kz |